Жол саласының мәселелері шешімін тауып жатыр

0

2021 жылы «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 10 жобалау сметалық құжатама жұмыстарына, яғни 15 көшеге  257533,0 мың теңге қаражат қарастырылды және орташа жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде.

Оның ішінде  Сарымолдаев ауылына қарасты О.Қарбозов, Ращупкин, Павлов көшелері, Жамбыл ауылына қарасты О.Умбетов, Әйтеке би, Төле би көшелері, Жеміс-жидек ауылына қарасты Айтимбетов, Ауезов, Астана көшелері, Ақтоған ауылына қарасты Абай, Тілеміс батыр көшелері, Андас батыр ауылына қарасты Ажарлы көшесі, Шалдовар бекетіне қарасты Железнодорожная көшесі, Қостоған ауылына қарасты Абдрахманов көшесі.

Бұдан бөлек Жамбыл облысында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр.  Ауқымды жоба ағымдағы жылдың сәуір айынан басталған болатын.  Нақтылы кезеңде  «Меркі-Шу», «Хантау-Бурылбайтал»  телімдерінде ескі жол жамылғыларын көтеру, жол үйіндісін салу және жол бойындағы құрылымдарды қайта орнату жұмыстары жасалып жатыр.

Жұмыстың аяқталу мерзімі 2022 жылдың маусым айы деп жоспарланған. Бұл жоба техникалық экономикалық негіздемеге сәйкес 101 млрд теңгені құрап отыр. Меркіден Шуға дейінгі аралық 1-ші санаттағы жол болады. Әрі қарай Шу қаласы маңынан өтетін айналмалы жол, одан Бірлік, Бірліктен Бурылбайталға дейін 2- ші санатқа жатқызылмақшы. Қазір мұнда 180 адам жұмысқа тартылған. Барлығы да жергілікті тұрғындар. Жұмыстың қарқынына қарай алдағы уақытта құрылысшылар саны 500 адамға дейін артады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.