Меркіде 2315 оқушы спортпен шұғылданады

0

Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны жалпы халықтың 34,5 % құрайды, бұл 29363 адам.

Спорт мектептерінде 15 спорт түрі бойынша барлығы 2315 оқушы спортпен шұғылданады. Бұл аудандағы 7-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының 15,0 % құрап отыр. Спорт мекемелерінде 53 жаттықтырушы жұмыс атқарады.

«Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы бойынша Меркі ауданы, Меркі ауылында жалпы құны 529 млн 683 мың теңгені құрайтын спорт кешен құрылысы аяқталды. Құрылыс жүргізуші мердігер «Агроспецстрой» ЖШС. Спорт нысанның құрылысы 2020 жылдың 22 сәуір күні басталып, 2021 жылы 31 шілде күні қолданысқа берілді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.