Меркінің Сұрат ауылында отбасыға жаңа салынған үйдің кілті табысталды

0

Асарлатып үй салу дәстүрі – ата-бабамыздан ұрпағына жеткен, көпшіліктің ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсететін, жанашырлық танытатын дәстүр.

«Рухани –жаңғыру құндылықтары –басты бағдарымыз»,-деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес ауданда «Асарлатып үй салу» жобасы биыл да жалғасып келеді. Жалпы аудан бойынша жоба аясында 13 үй берілетін болады.

Бүгін Сұрат ауылдық округінде Оңланалы Ерзат отбасына жаңа салынған баспананы салтанатты түрде табыстау шарасы өтті.

Сұрат ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Адамбаев Есембек ақсақал келешекте асарлату дәстүріменен тағы да басқа жұмыстарды атқарсақ нұр үстіне нұр болады. Баршаңызды осындай ұлы дәстүрді ауызбіршілігімізбен, ынтымағымызбен бірге жалғастыруға шақырамын. Ырысты, берекелі жанұясы ұлғайып, осы ауылдың атақты, жақсы азаматы болуға тілектеспін, деп тілек білдірді.

Аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев ауыл азаматтары мен үй иелерін құттықтаса, ауылдық округ әкімі Жантелиев Жасұлан Жұмаханұлы қолдау көрсеткен ауыл азаматтарына Алғыс хаттарын тапсырды.

Салтанатты шарада жаңа үйдің лентасы қиылып, ауыл тұрғындары үй иесіне ықылас ниеттерімен бөлісті.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.