Меркіде «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» салтанатты жиын өтті

0

Жасұландықтар – еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын өршіл де, қайсар жас ұрпақ.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдық мерей тойына орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар «Үміт» сарайында «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Жиынға аудан мектептерінің басшылары, аға тәлімгерлер және ұйымның белсенді жасұланшылары қатысты.

Жиын барысында «Жас Ұлан» ұйымының қатары 30 жас ұлан мен 5 жас қырандықпен толықты. Жиын қонағы болған аудан әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсенбайұлы және аудандық білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы ұйым қатарына қабылданған оқушыларға салтанатты түрде галстуктары мен төс белгілерін тақты. Жасұландықтарды ұйымның 10 жылдығымен құттықтап мектеп тәлімгерлерін және белсенді жасұландықтарды білім бөлімі тарапынан марапаттады.

Салтанатты жиын Жасұландықтардың мерекелік ән шашуымен аяқталды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.