Руслан Нұрсипатов ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді

0

Бүгін аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс отырысы өтті.

Бірінші мәселе Ақермен ауылдық округінде атқарылған жұмыстары бойынша ауылдық округ әкімі Байдаулетов Ғани Ізбасарұлы баяндап, өз сөзінде округ аумағында асыл тұқымды «Оңтүстік қазақ меринос» қойын өсірумен айланысатын «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ және 2 шаруа қожалығы жұмыс істейтінін атап өтіп, биылғы жылғы көрсеткіштерге тоқталып өтті. Сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық салаларындағы жұмыстар туралы баяндады.

Аудан әкімі Руслан Маратұлы ауыл тұрғындарының мал жайылымына арналған жер тапшылығы мәселесіне қатысты және жайылым жерлерді мақсатсыз пайдаланып отырған шаруашылықтарға талдау жаслмағанын және тиісті шара қолданбағанын атап өтті. Сонымен қатар, округ әкімі Ғани Ізбасарұлы және аудан әкімдігінің Жер қатынастар бөлім басшысы Данияр Рысбайұлына жылдың аяғына дейін игерілген, игерілмеген жерлерді анықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, ауыл әкімінің есепке дайын емес екендігін,және сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алмағанын айтып өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе, Андас батыр ауылдық округінде атқарылған жұмыстар бойынша ауылдық округ әкімі Думан Мақсұтұлы баяндап, өз сөзінде ауылдық округ бойынша 118 шаруа қожалық және 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен айналысады.

Ауылдық округ аумағының жалпы көлемі – 17375 га құрайды, оның 14675 га ауыл шаруашылық жерлері, оның ішінде егістік жер – 10019 га, суармалысы – 2647 га, шабындық – 309 га, жайлым – 4234 га. Андас батыр а/о бойынша жалпы егістік жердің көлемі – 10019 га, оның ішінде – 2647 га суғармалы.

Күздік бидайды – 1800 га егіліп орта есептен 13 центнерден 2340 тн, жаздық арпаны – 2750 га егіліп орта есептен 14 центнерден 3850 тн, қант қызылшасын – 250 га егіліп 300 центнерден 7500 тн өнімдерін алды.
Ауылдық округтегі Гранитогорск кенті мен Қызыл қыстақ ауылы 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған болса, Шалдовар стансасы және Андас батыр ауылы 40% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, ал Арал қыстақ ауылы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылмаған. Сондай-ақ Ауылдық округте 25 орындық дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетуде. Коронавирустық инфекцияға қарсы халық 100% екпе алды»- деп баяндады.

Аудан әкімі Руслан Маратұлы өз сөзінде: Пфайзер вакцинасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатаң бақылауға алуды, және Гранитогорск кенті бойынша су жүйесін жүргізу бойынша жоба жасап, Андас батыр ауылы бойынша барлық нысан бойынша зерделеп, келесі аптада баяндауды тапсырамын»-деп, Гранитогорск ауылындағы 7 көшені жөндеуге арналған қаражатты мерзімінде игермегені үшін ауыл әкімінің жұмысын сынға алды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.