Меркіде 11 айда бюджет қаражаты 98,7 пайызға игерілген

0

Аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың төрағалығымен аппараттық жиналыс отырысы өтті.

Ең алдымен аудан әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов жаңадан қызметке тағайындалған бөлім басшыларын: аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Азамат Ильясұлы Қасабековты, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болысбек Аштайұлы Оразовты таныстырып, салада ұзақ жылдар бойы тәжірибесі бар азаматтар екенін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аппараттық жиында бүгінде өзекті болып табылатын мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев «Коронавирустық инфекцияны алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар» туралы есеп берді. Ол өз сөзінде аудан бойынша 18 жастан жоғары 43368 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жоспарланса, аудандық аурухана тарапынан 98,7%, «Күншуақ» медициналық орталығы 105%, «Мейірім Меркі» медициналық орталығы жоспарды толығымен орындағанын айтып өтті.

Сонымен қатар, 22 қарашадан бастап Файзер/Камернати вакциналары жүкті әйелдер /4 айға дейін/, емізулі әйелдер /42 күннен кейін/ және 12-ден 18 жасқа дейін балаларға салу бойынша ата-аналармен кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны және бүгінгі күнге 20-ға жуық оқушы екпе алғанын туралы айтты.

Аудан әкімі Руслан Маратұлы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екпе алудың маңыздылығына тоқталып өтіп, бұл мәселеге тиянақты қарап, тиісті мамандардың түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі және мониторинг топтың жұмысын жандандыруды тапсырды.
Сондай-ақ, Берік Бегалиевке өзі жетекшілік ететін әлеуметтік салаға қатысты индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын қадағалауды және аудандық газеттерге атқарылған жұымстар туралы материалдардың жариялануына аса көңіл бөлуді тапсырды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе, «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев баяндап, 13 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі күнге 7 тұрғын үйдің құрылысы әлі күнге дейін жүргізіліп жатқанын айтып өтті. «Хаттамалық тапсырмаға сәйкес ауылдық округ әкімдері бекітілген кестеге сәйкес тапсыру қажет екендігі ескертілген. Алайда, 10 қарашада пайдалануға берілуі тиіс болған Сұрат, Тәтті, Ақермен ауылдық округтері мерзімдерінен кешіктірілді. Сонымен қатар мерзімдері 1 желтоқсанға белгіленген Меркі, Сарымолдаев, Жамбыл, Ойтал, Андас батыр және Ақтоған ауылдық округ әкімдері өз уақытында тапсыруы үшін жұмысты жылдамдату керек»-деді.

Аудан әкімі Руслан Маратұлы өз сөзінде «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдыға қойған мақсаты – «Асар» жобасы арқылы халықты бір-біріне жақындастыру, ұйымдастыру болып табылады. Ал, ауылдық округ әкімдері желтоқсаннның 5-не дейін «Асар» жобасы бойынша баспананы салуды аяқтап, бітіруді тапсырды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев аудан әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктері тарапынан қаржыны игеру мәселесі туралы баяндама жасады.
«2021 жылдың 22 қарашасына аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша жоспар 13 633,6 млн. тг болса, 13 452,7 млн тг. игеріліп 98,7 пайызға орындалды, ал 11 айдың қорытындысымен 99,7 пайызға орындалады деп күтілуде»,- деді.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.