Қазақстанда 1 шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгереді

0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды, – деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады.
Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни алып-сатарларға жемқорлықпен айналусыға бөгет болады.

«Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді.
Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына тап болсаңыз – фотобейне түсіріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директорының блогына (http://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз! Біз міндетті түрде шара қолданамыз!», – делінген хабарламада.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.