Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

0

Жамбыл облысының  Полиция  департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс орталығы көшелерінің біріндегі  гараждың артынан бірнеше  қару-жарақты  тауып, анықтады.

Оқжатарында  8 патроны  бар «ПМ» тапаншасы, револьвер, 12-калибрлі «ИЖ» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «LSG-80» жарық-шу гранатасы, 5,45 мм калибрлі патрондары бар металл жәшік (барлығы 2016 дана) тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ, полицейлермен тағы бір қару-жарақ арсеналы табылды. Олардың ішінде 1 дана ТТ пистолеті, 1  дана ойық қару, 1 дана тегіс ұңғылы қару, 1 жарық-шу гранаты, 1 дыбыс -шу гранаты, 12 калибрлі 5 патрон, 9 мм ПМ-нің  36 патроны,  5,45 мм калибрлі 19 патрон, ТТ-нің  7,62 калибрлі 3 патроны, 1 бронжилет.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың   орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.