Жамбыл облысы Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен тасымалдаған деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция Шу – Меркі тас жолының аумағында мотоциклмен кетіп бара жатқан Шу және Мойынқұм ауданы тұрғындарын тоқтатты. Ұсталғандардан жалпы салмағы 10 келі 600 грамм болатын екі қап кептірілген марихуана тәркіленді.
Күдіктілер кінәсін мойындады. Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен тергеу басталды.