Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен.
Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған.
Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 миллион 80 мың теңгені құрайды.
Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары, алаяқтардың арбауына түспес үшін сақ болыңыздар.