“Қарасора-2022″ республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, патрульдік полиция батальонының, ПД Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қатарынан құралған мобильді топ Жамбыл облысының аумағына кіретін және шығатын автокөлік құралдарын тексеру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Осындай іс-шараларды жүргізу кезінде «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар тас жолының 360-шақырымындағы Мойынқұм ауданы Шығанақ кентінің жанында Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-21014» маркалы автокөлікті тоқтатты.
«Тея» атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып автокөлікті тексеру барысында көлік салонынан ақ полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 3 келі 30 грамм болатын «гашиш» есірткі заты табылды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
— Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтау бойынша жедел-тергеу іс — шаралары жүргізілуде, — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.