Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Егер, сізге қоңырау соғып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырса, күмәнді операциялар туралы хабарлап, банк картасының нөмірін, хабарлама арқылы келген кодты және құпия сөзді атауды сұраса, БҰЛ АЛАЯҚТАР!!!
Банк қызметкерлері аталған мәліметтерді сұрап хабарласпайды.
Дереу байланысты тоқтатып, банктің жедел желісіне қоңырау соғыңыз, не болмаса жақын жерде орналасқан банк бөлімшесіне жүгініңіз.
Сонымен қатар, сіз ОLХ сайты арқылы тауар сатып жатсаңыз, сізге «сатып алушы» байланысқа шығып, курьерлік жеткізу қызметі арқылы сатып-алуды рәсімдеуді ұсынуы мүмкін, әрі қарай банк картасының реквизиттерін қалдыру қажет болатын қосарлы сайтқа сілтеме жолдайды.
Сеніп қалмаңыздар! Бұлар интернет-алаяқтар, аталған сайтта курьерлік жеткізу қызметі жоқ.
Мұқият және сақ болуыңызды сұраймыз!