Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 18 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

      17.03.2026

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026

      Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

      17.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ТІЛ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРЛАНЫ

    ТІЛ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТАРЛАНЫ

    Қоғам 15.10.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әр адамның өмір жолында өзі үлгі тұтып, ерекше құрметтейтін тұлғалары болады. Менің өмірімде түп нағашым болып келетін филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабдолла Қалиұлының орны ерекше. Ағатайым адамдармен қарым-қатынаста адалдығымен, ешқашан асып-таспаған ерекше бекзат болмысымен, ғылымға деген тазалығымен жадымда сақталып қалды.

    Ағатайымның менің тұлға ретінде де, ғалым ретінде де қалыптасуымда алар орны ерекше. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдағаннан кейін саяси ғылымдар саласы бойынша 1994-1997  жылдар аралығында аспирантурада оқыған кезімде сабақ арасында Ағатайыма келіп, дидарласып кететінмін. Сол кездегі Ағатайымның мейірімге толы жылы жанары, жан дүниесіндегі бауырмашылдық сезімі бар болмысыма шуақ құйып, ғылымға енді ғана қадам басқан менің бойыма күш-жігер мен сенімділіктің орнығуына зор ықпалын тигізген болатын.

    Кандидаттық диссертациямды уақытында қорғап, біраз жылдардан кейін докторантураға түсіп, 2007 жылы докторлық жұмысымды сәтті қорғадым. Докторлық диссертациямды қорғаған күнгі «Біздің тұқымда менің жолымды қуған саған ризамын», — деген ризашылықпен айтқан сөзі әлі күнге дейін құлағымда. Адалдықты ту еткен Ағатайымның артқан сенім үдесінен шығуға тырысып, бұралаңы мол өмір жолында жоғары білім саласындағы қызметімді абыроймен атқаруға тырысып келемін.

    Сіз, әрдайым есімдесіз, Ғабдолла Қалиұлы! Сіз өнегелі өмір сүрген өр тұлғалы Азаматсыз, қоғам қажеттілігін дөп басып, әрқашан үлгі-бағдар берген қайраткер Тұлғасыз, барлық ағайын-туғанға қамқорлық көрсетіп, бағыт-бағдар берген жанашыр Ардақты Ағасыз, бүкіл саналы өмірі «мейірімге, ынсапқа, ақ пейілге, адал еңбекке» (Шәкәрім) құрылған Ұлағатты Ұстазсыз, қазақ тіл ғылымына жанкештілікпен адал еңбек еткен Ғұлама Ғалымсыз.

    Ғабдолла Қалиұлының өнегеге толы ғибратты өмір жолы қызыма да жұғысты болсын деп ырымдап, Тоғжанымның тұсауын Ағатайыма кестіріп едік. Бүгінде қызым Ағатайым жарты ғасырдан астам адал қызмет еткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі филология факультетінің 7M01703 — Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын және неміс тілдері) білім беру бағдарламасының магистранты.

    Ғабдолла Қалиұлы Абай атындағы қарт ҚазПИ-ге алдымен аспирантураға түсіп, кейін ғылым кандидаты, доцент, ғылым докторы, профессор ретінде, біздің жоғары оқу орнының дәрісханаларында 60 жылдан астам уақыт бойына ұлағатқа толы ұстаздық еңбекпен тынбай айналысып, студенттерге тәлім-тәрбие берумен қатар, оларды білім нәрімен сусындатты. Бүгінгі таңда ғалым-ұстаздың мағыналы дәрістерін тындаған сан мыңдаған шәкірттері республиканың түкпір-түкпірінде еңбек жолдарын жалғастыруда. Республика жоғары мектебімен біте қайнасып, ғибратқа толы ғұмыр кешкен Ғабдолла Қалиұлының өр тұлғасы жылдар өткен сайын шәкірттерінің ризашылығымен биіктей беретіні, ал мәртебесі аса түсетіні анық.

    Профессор Ғабдолла Қалиұлы ұстаздықты ғылыммен ұштастыра отырып, қазақ тілі ғылымындағы қазақ әдеби тілінің тарихы, диалектологиясы, лексикологиясы, лексикографиясы салаларының ғылым ретінде қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Ұстаз-ғалымның артына мұра ретінде қалдырған ғылыми еңбектерінің жалпы саны 300-ге тарта болса, оның 30-дан астамы республикалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдары, қазақ тілінің типтік оқу бағдарламалары, монографиялар мен сөздіктер, басым көпшілігі ғылыми көпшілік мақалалар болып табылады.

    Сонымен қатар Ғабдолла Қалиұлы біздің университеттегі еңбек жолында көптеген жоғары лауазымдық қызметтерді асқан жауапкершілікпен атқарып, партия ұйымының хатшысы, кафедра меңгерушісі, факультеттің Ғылыми кеңесінің төрағасы, оқу-әдістемелік бірлестігінің проректоры бола жүріп, ұжымның ұстаздар қауымына адалдық пен еңбекқорлық, қайсарлық пен табандылық тәрізді қасиеттерімен үлгі бола білді. Назар аударарлық маңызды мәселе, Ғабдолла Қалиевтің оқу-әдістемелік бірлестігінің проректоры болған кезі еліміз енді ғана тәуелсіздік алған кезеңге тура келген еді. Ғабдолла Қалиұлы алғаш рет 1996 жылы педагогикалық мамандықтар, ал 1999 жылы қосарланған мамандықтар бойынша республиканың педагогикалық ЖОО-да жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен әдістемелік құжаттарды ұлттық мүддемізге бейімдеп, жаңаша жасап, оны жетілдіруге тікелей ұйтқы бола білді.

    Профессор Ғабдолла Қалиұлы 1977-1981 жылдар аралығында ҚР ҰҒА Тіл білімі институтында қазақ тілі және түркі тілдерінен кандидаттық диссертация қорғайтын кеңестің мүшесі, 1993-1996 жылдары Абай атындағы мемлекеттік университетте гуманитарлық пәндер бойынша педагогикадан докторлық (кандидаттық) диссертация қорғайтын кеңестің төрағасы, 1997-2002 жылдары филология және педагогика бойынша докторлық (кандидаттық) диссертация қорғайтын кеңестің төрағасының орынбасары, 2003 жылдан бері аталған кеңестің мүшесі қызметтерін абыроймен атқарды. Осылайша, ғұлама ғалым филология және педагогика ғылым салалары бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғайтын кеңестерді білікті басқарумен қатар, ғылыми-әдістемелік сала бойынша жас ғалымдарға жол көрсетуші ғылыми жетекші/кеңесші, оппонент және рецензент болып, мамандар дайындауға зор үлесін қосып кетті.

    «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген халқымыздың даналық сөзінде тұжырымдалғандай, Ағатайымның үлкенді де, кішіні де мойындата білген өзіне тән табиғи бекзат болмысы, өнегелі өмір жолы, кісілік келбеті, адамгершілік қасиеті, ізеттілігі мен қарапайымдылығы, шын мәніндегі білімдарлығы мен ұйымдастырушылық қабілеті, жоғары білім жүйесін басқару шеберлігі бүгінде ол кісінің көзін көрген әріптес ғалымдармен қатар, шәкірттерінің және барша ағайын-туғанның жүрегінде сақталып қалған.

    Биік құрметке ие болған біртуар азамат, асыл жар, ардақты әке, ұлы жүректі ұстаз, қайраткерлігіне азаматтық адалдығы ұштасқан кіршіксіз таза педагог, филология ғылымындағы бірегей тұлға, халыққа танымал әрі тәжірибелі ғалым Ғабдолла аға Қалиевтің парасатты бейнесі мен артына қалдырған ғылыми мұрасы келер ұрпақпен бірге жасай берері анық. Асыл Ағатайымның жарқын бейнесі, үлгі-өнегесі мен асыл қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып, біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

    Ауелгазина Толкын Кудайбергеновна

    саяси ғылымдарының докторы, доцент,

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    академиялық мәселелер бойынша департамент директорының орынбасары

    Ғабдолла Қалиев ғалым зерттеуші ұстаз филолог

    Оқылып жатыр

    Референдум күні Қазақстанда 585 бала дүниеге келді

    16.03.2026

    Атыраудағы BINOM мектебіндегі пышақтасу: оқушы қыз ауруханаға түсті

    13.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Астанада мұғалімдердің әлеуметтік төлемдері аударылмай келген

    17.03.2026

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.