Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 6 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

      06/11/2026

      Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

      06/11/2026

      1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

      06/11/2026

      Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

      04/11/2026

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    Жаңалықтар 06/11/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Райымбек ауданының Сарыжаз ауылы Ұлыдаланың бірегей мұрасын дәріптеушілердің басын қосқан мекенге айналды. Мұнда ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлер заманауи спорт қозғалысымен үндесті. Атап айтқанда, «Алатау салбұрыны – 2026» халықаралық құсбегілік турнирінің шымылдығы түрілді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ауқымды
    шараға Қазақстанның 11 өңірінен келген құсбегілер, сондай-ақ Моңғолия, Қытай және Қырғызстан өкілдері қатысып, барлығы 76 құс бапталып әкелінді.

    «Асқар таулары мен бай тарихы бар Райымбек ауданы қанатты аңшылардың сайысын өткізуге өте қолайлы мекен. Жастар осы өнерге қызығушылық танытып, балалар әкелері мен тәлімгерлерінің жолын жалғастырып жатқанда, құсбегіліктің болашағы бар. Біздің ортақ міндетіміз – баға жетпес мұраны көздің қарашығындай сақтап, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету және Қазақстанның атын шетелдерге таныту», – деді турнирдің салтанатты ашылуында Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев.

    Алматы облысында ондаған жылдар бойы құсбегілердің белгілі әулеттері қалыптасып, бүркіт пен сұңқар салып аң аулау дәстүрі сақталып келеді. Сонымен қатар осы бірегей өнерді жас ұрпаққа үйретуге, атадан балаға жалғасқан білім мен тәжірибені жеткізуге жағдай жасалуда. Бұл бағытта «Қыран» этноорталығының рөлі ерекше. Ал жыл сайынғы жарыстар мен ұлттық турнирлердің өткізілуі өңірдің Қазақстандағы құсбегілік өнерін дамыту орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде.

    «Мұндай іс-шаралар отандық және шетелдік қонақтардың өңірдің табиғи көрікті жерлеріне деген қызығушылығын арттырады. Алматы облысының туристік тартымдылығын қалыптастыруға, этномәдени және оқиғалы туризмді дамытуға, сондай-ақ халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жансерік Әдіахметов.

    Турнир өтетін алаңның ұлттық нақыштаб езендірілуі мерекенің ерекше атмосферасын қалыптастырды. Мұнда дәстүрлі қазақ үйлері тігіліп, олардың бірінде тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Қонақтар мен қатысушылар көрмеден ұлттық тұрмыс бұйымдарымен жәнетөл аңшылық мәдениетінің элементтерімен танысуға мүмкіндік алды.

    Сондай-ақ қонақтар мен жанкүйерлердің қызығушылығын қазақтың тазы тұқымды иттерінің көрсетілімдік сайыстары тудырды.

    Жарыс барысында қатысушылар қанатты аңшылармен жұмыс істеу шеберлігін үш санат бойынша көрсетеді: бүркіт салу, қаршыға салу және ителгі салу. Әр санат құсты ерекше баптауды, адам мен құстың үйлесімді әрекетін, төзімділік пен кәсіби тәжірибені талап етеді.

    «Алатау салбұрыны – 2026» турнирі төл мәдениетіміздің шынайы құндылығы оның сабақтастығында екенін тағы бір мәрте көрсетті. Айта кетейік, «Салбурын» дәстүрі Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізіміне 2013 жылы енгізілген. Ал 2026 жылы Қазақстан осы бағытта тағы бір маңызды қадам жасады: тазы иттермен және қыран құстармен аң аулау дәстүрлерін біріктіретін «Салбурын» ұлттық фестивалі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу жөніндегі бағалау органының оң ұсынымын алды. Түпкілікті шешім биылғы желтоқсан айында қабылданады деп күтілуде, – деді «Құсбегілік» республикалық федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекекызы.

     Жарыстың алғашқы күнінің бағдарламасына аңшы құстардың іріктеу кезеңдері енгізілген. Атап айтқанда, бүркіттерді иесінің қолына шақыру, арнайы шырғаға салу, сондай-ақ қаршыға мен ителгіні қолға шақыру және көгершінге салу сайыстары өтеді.

    7 қарашада тәжірибелік сайыстардың жартылай финалдық және финалдық кезеңдері өтіп, құсбегілер өз құстарының аңшылық қасиеттерін көрсетеді. Турнир қорытынды шығару және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

    аңшылық дәстүр құсбегі Салбурын

    Оқылып жатыр

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.