Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.
«Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері», – деді Бекшин.
Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.