Close Menu
    Оқылып жатыр

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 16 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

      15.07.2026

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараз әкімі жас ақындармен кездесті

    Тараз әкімі жас ақындармен кездесті

    Мәдениет 28.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шоқан Уәлиханов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев бір топ жергілікті жас ақындармен кездесіп, әдебиет тақырыбында емен-жарқын әңгімелесті.

    Әкімнің өзі «галстуксыз жүздесу» деп атаған іс-шараны жас ақын Нұржан Қадірәлі жүргізіп отырды. Басқосуға жиырмаға жуық жас ақын қатысты. Бұл күні ақындар жыр оқыды, гитарамен ретроға айнала бастаған әндерді де шырқады.

    Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде алғаш сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Хамит Есаман жастардың көкейінде жүрген бірқатар мәселені тарқатып айтты.

    «Тараз топырағында қала басшысының ақындармен кездесуі көптен бері болмаған еді. Бүгін сол олқылықтың орнын толтырып, жастардың жанынан табылып отырғаныңыз үшін алдымен зор алғысымды білдіремін. Тараз — шайырлардың шаһары. Шығыстың жеті жұлдызы тамсана жырлаған қаламызбен қалай мақтансақ та болады. Мен сіздің назарыңызды бірнеше мәселеге аударғым келеді. Басқа облыстарда поэзия фестивалдері мен әдеби форумдар тұрақты өтіп тұрады. Таяуда ғана Нұрболат Жолдасбек пен Нұржан Қадірәлі Қарағандыдағы сондай әдеби жиынға қатысып қайтты. Бұл әдебиет үшін, шайырлар шаһарының иммиджі үшін керек. Мүмкіндік болса Таразда да республикалық деңгейде әдеби форум немесе фестиваль өтуіне мұрындық болсаңыз деген өтініш бар.
    Қазақтың ғажап ақындарының бірі — Ерлан Жүніс. Талантымен талайларды таңдандырған ақынның Таразда лайықты деңгейде кеші өтпеді. Осы мәселеге де назар аударсаңыз. Тағы бір айтарым, жергілікті жас ақындардың бірнешеуінің жыр жинағын шығаруға ықпал етсеңіз деген тілегім бар»- деді филиал директоры өз ойымен бөлісіп.

    Соңыра Хамит Есаман сиясы кеппеген жаңа өлеңдерінің бірін оқып берді.


    Бұдан соң Табиғат Абаилдаев, Данияр Әлімқұл, Арайлы Жақсылық, Нұрболат Сатымқұл, Назерке Оңғар, Ғайникен Маралтайқызы, Бексұлтан Қоштаев, Нұржан Қадірәлі бастаған өзге де ақындар алуан тақырыптағы өз өлеңдерін жатқа оқыды. Нұрлан Әбдікәрімов бірнеше ретроға айналған тамаша әндерді шырқады. Осы сәтте Қайрат Әскербекұлы Нұрланнан Илья Жақановтың «Жайлаукөл кештері» туындысын орындап беруді сұрады. Әкім де, ақын да әйгілі әнді Нұрланмен бірге қосылып шырқады. Шапағат Әбдірдің орындауындағы арнау да сәтті шықты деуге болады.

    Кездесу барысында ақындар да, әкім де көкейдегіні іркіп қалмай, әзілдесе отырып әңгімелесті.
    Басқосуды қала әкімі Қайрат Досаев түйіндеді.

    «Тараз — ақындар қаласы. Бүгін өздеріңіздей талантты жастармен кездескеніме қуаныштымын. Айтылған мәселелерді жазып алдым. Кітап шығару мәселесіне қатысты айтар болсам, осы жиырмаңыздың барлығыңыздың жинағыңызды шығаруға ықпал етемін деп өтірік айта алмаймын. Кейбір ақынның кітабын шығаруға ықпал етсек, кейбірінің өзі шығарған жинақты таратуға күш салуға болады. Мұның бәрі ақылдасып шешетін мәселе», — деді шаһар басшысы өз ойын қорытындылап.

    Басқосу барысында Қайрат Әскербекұлы да бірнеше өлең оқып (Омар Һайям, Жүсіп Қыдыровтың), әзілдер айтып, өзінің әдебиетке де, қазақы қалжыңға да жаны жақын екенін аңғартты.

    Босқосу соңында шаһар мэрі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ұлы хәкімнің қара сөздер жинағын ақындарға тарту етті. Жастар жылы аясында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара осылайша түйінделді.

    ақын Тараз

    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026
    Соңғы жаңалықтар

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.