Close Menu
    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 16 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

      14.05.2026

      Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

      14.05.2026

      Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

      14.05.2026

      Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

      14.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда жол жөндеуге арналған 3 ірі жоба іске асырылады

    Жамбылда жол жөндеуге арналған 3 ірі жоба іске асырылады

    Өңір тынысы 23.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында автомобиль жолдары саласында атқарылып жатқан игілікті істер жет­кі­лікті. Бүгінде, облыста жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі — 9 690 шақырымды құрайды.

    Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 1152 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 1987 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 1188 шақырым және елді-мекендер көшелерінің желісі – 5363 шақырым.

    Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соңғы жылдары елімізде ірі магистралды жолдар салынып, күрделі жөңдеуден өтуде. Оның ішінде, өте маңызды және iрi жобалардың бiрi «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзитті дәлізі жобасы аясында облыста республикалық маңыздағы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы қайта жаңғыртудан өтті. Соның нәтижесінде, Қазақстанның өзге елдермен алыс-берісі жақсарды, алыс жақындады.

    Қазіргі таңда, республиканың оңтүстік бөліктерін солтүстікпен байланыстыратын күре тамырлар болып табылатын республикалық маңызы бар «Алматы-Ресей федерациясының шекарасы (Екатеринбургке қарай)», «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолдарын қайта жаңғырту жобаларын іске асыруды басталған, жобаларды толық аяқтау 2022 жылға аяқтау жоспарланған.

    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соңғы жолдауларында ішкі өңірлік жолдардың жағдайын жақсарту қажеттілігін атап өтті.Бұл бағытта автожолдардың жергілікті желісін жөңдеуге қаржыландыруды ұлғайту тапсырылды.

    ҚР Инвестиция және даму министрлігімен тығыз жұмыстар атқарылып, нәтижесінде жол саласына бөлінген қаржы есебінен өткен жылы облыста 500 шақырымға жуық жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелері жөңделіп, ішкі және ауылдар арасындағы қарым-қатынас біршама жақсара түсті.

    Атап айтатын болсақ, 2018 жылы жалпы жол саласына 12,1 млрд. теңге бөлінген.

    Жалпы алғанда бөлінген қаражаттар есебінен 18 шақырым шағалды жол салу (1 нысан),  26,4 шақырым күрделі жөндеу (1 нысан)  және 499,4 шақырым (158 нысан) автожолдар мен көшелер орташа  жөндеу жұмыстары атқарылды. Оның ішінде:

    145,4 шқ – облыстық маңызы бар автожолдарда /26,4 шқ күрделі, 119 шқ орта жөндеулер, 211 шқ – аудандық маңызы бар автожолдарда /орта жөндеулер, 187,4 шқ – елді мекен көшелері /18 шқ құрылыс, 169,4 шқ орта жөндеулер. Сондай-ақ, 1 көпірдің құрылысы жүргізіліп,  2 жол өткелі қайта жаңғыртылды.

    Бюджет көздерінен бөлінген қаражаттар есебінен жыл қорытындысымен жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі көрсеткіші жоспардағы 78,5% асырылып 80,1%-ға орындалды.

    Жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында 2019 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыру тәжірбиесін жалғастыру арқылы жалпы 14,8 млрд.теңге бөлініп отыр. Оның ішінде, 8,0 млрд.теңге – республикалық, 6,8 млрд.теңге – жергілікті бюджеттерден.

    Бөлінген қаржы есебінен жалпы 16,2 шақырым жаңа жол құрылысы, 6,2 шақырым қайта жаңғырту, 30 шақырым күрделі жөндеу және 550,1 шақырымға жуық орта жөндеулер жүргізілетін болады.

    Оның ішінде: 205,1 шақырым – облыстық маңызы бар автожолдар 3,5 шақырым — құрылыс; 6,2 шақырым – қайта жаңғырту; 30 шақырым — күрделі, 165,4 шақырым орта жөндеулер; 191,4 шақырым – аудандық маңызы бар автожолдар 12,7 шақырым – құрылыс; 178,7 шақырым — орта жөндеулер/; 206 шақырым елді мекен көшелеріне орта жөндеу.

    Айта кететін болсақ, бұл жол жөндеу жобаларының ішінде жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасымен 46 жоба, ал  Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде берген тапсырмасына сәйкес, елді мекен көшелерін жөндеу үшін «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 51 жоба іске асырылатын болады.

    Жобалардың ішінде 3 ірі жобаларды іске асыруды бастау көзделген. Олар:

    — Ұзындығы 16,1 шақырым «Қырғызстан шекарасына Тараз қаласын оңтүстіктен айналма» автожолының құрылысы; — Облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-14,4 шақырымдарын қайта жаңғырту; — Облыстық маңызы бар «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолының 1,7-7 шақырымдарын қайта жаңғырту нысандары.

    Аталған жобалардың жүзеге асырылуы – жергілікті тұрғындардың көлікпен қатынауын жақсартумен қатар, өңірдің көліктік логистикасы инфрақұрылымының дамуына да орасан зор үлес қосады.

    Сапа – басты назарда. Автомобиль жолдарының сапасын, қауіпсіздігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуді авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қатаң бақылауда ұстайды. «Жамбылжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесі және басқа да аккредиттелген зертханалық мекемелерінен қолданылып жатқан барлық құрылыс материалдары мен орындалған жұмыстар сапасын растайтын сараптама-қорытындылар алынып, салынған жол қабаттарының қалыңдығы мен ендеріне өлшеулер жүргізу жүйелі жолға қойылып та отыр. Сапаны арттырудың бір жолы – жол құрылысына әлемдік үлгідегі жаңа технологиялар мен материалдарды пайдалану болып табылады. Сондықтан да бұл саладағы құрылысқа озық технология мен жаңа материалдарды батыл енгізуге ерекше назар аударылуда.

    Соңғы жылдары бұл бағытта облысымызда реджувасил, миркосюрфейсинг, суық ресайклер және қиыршық тасты мастикалық асфальт-бетон технологиялары кеңінен қолданылып, олар өз нәтижесін беруде.

    Ағымдағы жылдың қорытындысымен «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі» индикаторлық көрсеткішін 80,1 %-дан 85% жеткізу межеленіп отыр.

    Бұл тұрғыда, облыс әкімі мен аудан әкімдері арасында, басқарма мен аудан әкімдері арасында межелері белгіленген тиісті келісімдер жасалып, тоқсан сайынғы есептілік жүргізіліп отыр.

    Өңіріміздегі автожолдар сапалылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жаңашылдықпен, жасампаздықпен одан әрі де жалғастырыла беретін болады.

    жолдар

    Оқылып жатыр

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.