Бішкек – Алматы тасжолындағы апат: Mercedes екіге бөлініп қалған

0

Алматы іргесіндегі Бішкек тасжолында жол апатына түскен көлік екіге бөлініп қалға.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды.

«Қалаға қарай, Әйтей ауылы маңында жантүршігерлік апат», – делінген видео сипаттамасында.

Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын айтты. Жол апаты 24 сәуірде таңғы сағат 09:20-да болған. Жүргізуші аман қалды, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр.

«Алматы-Бішкек тасжолымен келе жатқан Mercedes көлігінің 61 жастағы жүргізушісі 33-шақырымда рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді», – деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.