Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Бейсенбі, 3 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

      02.07.2025

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларына не ұсынды?

    Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларына не ұсынды?

    Ел іші 14.06.2019
    © akorda.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысты, — деп хабарлайды Ақордаға сайты.

    Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті.

    Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке жылы қарсы алғаны және саммитке жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылық білдіріп, саммитте қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдер арасындағы кооперацияны нығайтуға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.

    Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы көпжақты бірлестіктер қызметтерінің мейлінше теңестірілген және айқын қағидаттарын жасау қажеттігін көрсететініне тоқталып, осыған байланысты өзінің пікіріне сәйкес ШЫҰ-ның басты міндеттерін атап өтті.

    «Біріншіден, ШЫҰ кеңістігінде өзара сенімді, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында конструктивті диалог пен өзара іс-қимылдарды нығайту маңызды болып қала беруі тиіс. Осыған байланысты, ШЫҰ стратегиясы шеңберінде 2018-2022 жылдарға арналған Іс-қимылдар жоспарын, Ұзақ мерзімді тату көршілік туралы келісімді, достық пен ынтымақтастықты толыққанды жүзеге асыру керек», — деді Қазақстан Президенті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш диалог» жөніндегі бастамасының дер кезінде айтылғанын және осы ретте Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы) және Еуропалық одақ  сияқты Еуразияның көпжақты негізгі құрылымдарымен толыққанды қарым-қатынасты орнатып кеңейту арқылы Ұйымның халықаралық бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігін атап өтті.

    «Экономикалық өсім баяулаған әрі әлемдік нарықтағы қаржылық тұрақсыздық жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының зор әлеуетін бұдан да тиімді пайдалану қажет. Оған сегіз жақты Еуразиялық қаржылық кеңесшілік механизмін құру септігін тигізеді деп есептейміз. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында қол қойылған Меморандум ШЫҰ елдерінің қаржы жүйесін дамытуда АХҚО-ның бірегей инновациялық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді», — деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті отырысқа қатысушылардың назарын аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударды. Оның пікірінше, сәуір айында ШЫҰ-ға әрі әріптес-ел — Шри-Ланкада болған лаңкестік оқиға Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы аясында Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру туралы бастамасының қажеттілігін дәлелдеді.

    «Сондай-ақ, лаңкестік мәселесі жаһандық желіде көрініс берді, сондықтан, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді де күшейту  қажет етеді. ШЫҰ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Орталығын құру Ұйымның ақпараттық кеңістігін қорғау ісіне қосқан маңызды үлес болар еді. Тәжірибесі мен өзіндік ерекшелігін ескерсек, бұл мәселені реттеуге ШЫҰ-ның лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымы қауқарлы», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жеке тоқталып, осы саладағы ынтымақтастық үшін тұрақты жұмыс істейтін платформа құруды ұсынды.

    Қазақстан Президенті сөзінің соңында бітімгерлік қызмет еліміздің халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін айтып, ШЫҰ-дағы әріптестерге БҰҰ аясындағы Қазақстанның бітімгерлік бойынша бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

    Сондай-ақ, Ақорданың баспасөз қызметі саммит қорытындысы бойынша қандай құжаттардың қабылданып, қол қойылғанын жария етті:

    1. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің қорытындысы жөнінде ақпараттық хабарлама;

    2. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Бішкек декларациясы;

    3. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының ШЫҰ мүше мемлекеттердің 2018-2023 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын жүзеге асырудың Жұмыс жоспарын және ШЫҰ мүше мемлекеттердің 2018-2023 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясының орындалуы жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасын бекіту туралы шешімі;

    4. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттері өңірлері басшылары форумының регламентін бекіту туралы шешімі;

    5. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттердің цифрландыру және ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасын бекіту туралы шешімі;

    6. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттердің өңіраралық ынтымақтастығын дамыту бағдарламасын бекіту туралы шешімі;

    7. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ өткен жылғы жұмыстары жөніндегі ШЫҰ Бас хатшысының баяндамасын бекіту туралы шешімі;

    8. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының 2018 жылғы жұмыстары жөнінде ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің баяндамасын бекіту туралы шешімі;

    9. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасын нақты жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешімі;

    10. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мен Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі БҰҰ Басқармасы арасындағы өзара түсіністік меморандумына қол қою туралы шешімі;

    11. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Хатшылығы мен Бүкіләлемдік туристік ұйым арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

    12. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Хатшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

    13. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ (ШЫҰ Хатшылығы) мен БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

    14. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

    15. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «ШЫҰ — Ауғанстан» Байланыс топтарының келешек іс-қимылдарының жол картасына қол қою туралы шешімі;

    16. ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

    17. ШЫҰ мүше мемлекеттердің өкілетті органдары арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

    18. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Денсаулық сақтау саласындағы 2019-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі негізгі іс-шараларының жоспары;

    19. ШЫҰ Хатшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы;

    20. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы мен Бүкіләлемдік туристік ұйым арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    21. Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі ШЫҰ мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    22. «ШЫҰ — Ауғанстан» Байланыс топтарының келешек іс-қимылдарының жол картасы туралы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

    Оқылып жатыр

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне қатысады

    02.07.2025

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.