Close Menu
    Оқылып жатыр

    2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

    31.12.2025

    Қазақстанның интернет жылдамдығы әлемдік рейтингте әлсіреді

    31.12.2025

    Бибісара Асаубаева — Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін блиц чемпионы

    31.12.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 31 декабря
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

      31.12.2025

      Қазақстанның интернет жылдамдығы әлемдік рейтингте әлсіреді

      31.12.2025

      Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» компаниясын сатып алды

      31.12.2025

      Бүгін бірқатар өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасалды

      31.12.2025

      Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

      30.12.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Ұлттық қордан шығыс көп, кіріс аз» — Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов

    «Ұлттық қордан шығыс көп, кіріс аз» — Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов

    Басты тақырып 30.10.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алдағы жылдары бюджет тапшылығы Ұлттық қорға салмақ салуы мүмкін дейді Парламент Мәжілісінің отырысына қатысқан Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов. Соңғы жылдары Ұлттық қордың кірісінен шығысы басым дегенді айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. 

    Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстанның Ұлттық қорындағы қаражатты пайдалану тәуекелдеріне тоқталды. Бюджет тапшылығының жоғары болуы шығындарды жабу үшін Ұлттық қордан тікелей трансферттер жасауға үкіметті мәжбүрлеп отыр дейді Т.Сүлейменов.

    «Соның салдарынан қордан алынатын қаражат кірістерден асып түсуде. Қордың балансының сақталуы тек инвестициялық табыс есебінен мүмкін болып отыр: 2024 жылдың алғашқы 9 айында қордың инвестициялық кірісі 10,27%-ға жетіп, 6,16 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш Ұлттық қордың активтерін 4,5%-ға ұлғайтып, 62,7 млрд долларға дейін жеткізді» — деп мәлімдеді Ұлттық банк басшысы.

    2024 жылы тікелей трансферттер көлемі 5,6 трлн теңгені құраса, келесі жылға бұл көрсеткіш шамамен 5,3 трлн теңге деңгейінде болжануда. Сүлейменовтің айтуынша, бұл трансферттер көлемі елдің барлық ақша массасының шамамен 16%-ын құрап, қорға үлкен экономикалық салмақ түсіріп отыр. Тамыз айында салықтық түсімдер жоспарланған көрсеткіштен төмен болғаны хабарланып, бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қорға тағы да жүктеме артқан болатын.

    Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс жалғаса берсе, қордағы қаражаттың азаю қаупі бар. Соңғы 10 жылда шамамен 100 млрд доллар көлеміндегі қаражат Ұлттық қордан бюджет тапшылығын жабуға, банктерді және ұлттық компанияларды қолдауға жұмсалған. Өткен жылдың соңында сарапшылар Ұлттық қор өзінің бастапқы функциясы – елдің әл-ауқатын қамтамасыз ету міндетін орындай алмай қалуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген.

    бюджет бюджет тапшылығы дефицит қаржы Парламент Тимур Сүлейменов Ұлттық банк Ұлттық қор экономика

    Оқылып жатыр

    2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

    31.12.2025

    Қазақстанның интернет жылдамдығы әлемдік рейтингте әлсіреді

    31.12.2025

    Бибісара Асаубаева — Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін блиц чемпионы

    31.12.2025

    Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» компаниясын сатып алды

    31.12.2025
    Соңғы жаңалықтар

    2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

    31.12.2025

    Қазақстанның интернет жылдамдығы әлемдік рейтингте әлсіреді

    31.12.2025

    Бибісара Асаубаева — Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін блиц чемпионы

    31.12.2025

    Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» компаниясын сатып алды

    31.12.2025

    Бүгін бірқатар өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасалды

    31.12.2025

    Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

    30.12.2025

    Тоқаев ЛГБТ насихатын шектеуге бағытталған заңға қол қойды

    30.12.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.