Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөздің Euronews-ке хабарлауынша, зақымдалған ұшаққа Ресей әуежайларына қонуға рұқсат берілмеген. Сонымен қатар, апатқа ұшыраған әуе кемесіне ресейлік зымыран тиген, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Алдын ала тергеу мәліметтері Грозный қаласы үстіндегі ресейлік зымыран Ақтаудағы қайғылы жағдайдың себебі болғанын растады.
Әзірбайжан үкіметінің дереккөздері бейсенбі күні Euronews агенттігіне эксклюзивті түрде хабарлағандай, «земля-воздух» санатындағы ресейлік зымыран сәрсенбі күні Ақтау қаласында Әзірбайжан әуе желісінің ұшағының апатқа ұшырауына себеп болған.
Үкімет дереккөздерінің мәліметінше, зымыран Грозный үстінде ұшып жүрген ұшқышсыз аппараттарға (БПЛА) бағытталып атылған, бірақ оның сынықтары ұшаққа жақын жерде жарылып, жолаушылар мен экипаж мүшелеріне зақым келтірген.
Сондай-ақ, Euronews-ке үкімет өкілдері хабарлағандай, зақымданған ұшақтың пилоттары шұғыл қонуға рұқсат сұрағанына қарамастан, ресейлік әуежайларға қонуға рұқсат берілмеген. Оларға Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ақтау қаласына бағыт алуға бұйрық берілген. Алынған мәліметтерге сәйкес, ұшақтың GPS-навигация жүйелері теңіз үстіндегі бүкіл ұшу барысында өшірілген.