Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университеті 10000 студент қатысқан “Таза Қазақстан” апталығын қорытындылады

    Абай университеті 10000 студент қатысқан “Таза Қазақстан” апталығын қорытындылады

    Жаңалықтар 30/10/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында арнайы өткізілген экологиялық апталық өз жұмысын қорытындылады. Апталыққа қара шаңырақтың 10 мың ерікті студенті қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Оған шетелдік білім алушылар да қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында«Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап» деген болатын. Осындай игі құндылықтарды мақсат еткен апталық өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті күшейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ студенттерді ортақ іске жұмылдырып, қоғамдық жұмыстабелсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауда құлшынысты арттыруға шақырды.

    Апталықтың жабылуына Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аға мемлекеттік инспекторы Салтанат Амантайқызыарнайы қатысып, жастардың экологиялық белсенділігін жоғары бағалады. УниверситеттіңӘлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақау аталған жобаның Жаңа Конституцияға негізделгенін, қауіпсіз, дамыған және таза қоғамды қалыптастыруға бағытталғанын алға тартты.

    «Таза Қазақстан» акциясы Президентіміздің бастамасымен жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен бұл науқан айналамызға жанашырлық танытып, табиғатты құрметтеудіүйретеді. Апталық барлық факультетте ұйымдастырылып, бүгінгі қорытындысына бес факультеттің білім алушылары жиналды. Осындай бастамалар арқылы студенттер университет қабырғасында кәсіби білім ғана емес, патриоттық ұстаным мен жауапкершілігін де қалыптастырады, – деді проректор.

    Республика күні мерекесіне байланысты ұйымдастырылған экологиялық апталық 30 қазанға дейін білім ордасының барлық кампустарында апта бойы жалғасып жатты. Бүгін университет бас ғимаратының алдына жиналған білім алушылар бірнеше оқу корпусы алаңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, аулаларды ағаш жапырақтары мен қоқыстардан тазартты.

    Айта кетейік, Абай университетінде «Таза Қазақстан» акциясын қолдау бағытында өткізілетін сенбіліктер мен іс-шаралар мұныментоластамайды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жыл бойыжалғасын таппақ.

    Абай университеті апталық оқу орны Таза Қазақстан

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.