Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Гонконг тұмауы: дәрігерлер елімізде екінші толқын болуы мүмкін екенін ескертті

    Гонконг тұмауы: дәрігерлер елімізде екінші толқын болуы мүмкін екенін ескертті

    Жаңалықтар 26.11.2025
    pixabay.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Елде жұқпалы респираторлық аурулардың саны артып келеді. Мамандардың айтуынша, гонконг тұмауының (H3N2) таралу қарқыны күшейіп, алғашқы толқыны желтоқсан айында шегіне жетпек, деп хабарлайды Tarazy.kz «31 арнаға» сілтеме жасап.

    Эпидемиологиялық маусым басталғалы Қазақстанда 2 миллионға жуық адам ЖРВИ жұқтырған. Оның ішінде 1200-ден астам адамнан гонконг тұмауы анықталды. Бұл вирус аса жұқпалы және ауыр өтетін түрге жатады.

    Дәрігерлер аурудың белгілері тез білінетінін айтады: дене қызуы көтеріледі, бұлшық ет пен буын сырқырайды, тамақ ауырады, әлсіздік пайда болады. Денсаулық сақтау министрлігі былтырмен салыстырғанда биылғы эпидемиологиялық ахуалдың күрделірек екенін атап өтті.

    – Науқастардың көбеюі қарашаның соңынан басталып, желтоқсанның аяғына дейін жалғасады. Қаңтардың алғашқы апталарында сырқаттанушылар азая бастайды, бірақ көктемге қарай В типті тұмаудың екінші толқыны жүреді, – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Айгүл Катренова.

    Мамандардың айтуынша, В типті тұмау жеңіл өтеді, ал H3N2 штамы соңғы жылдары мутацияға ұшырап, агрессивті сипат алған.

    – Бұл вирус бұрыннан белгілі, бірақ соңғы жеті мутациясы оның таралуын жылдамдатқан. Репродуктивтік индексі 1,4, яғни бұрынғы тұмау түрлерінен едәуір жұқпалы. Гонконг тұмауының негізгі қаупі – оның агрессивтілігінде, – деді Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман.

    Дәрігерлер аурудың ең үлкен қатері оның асқынуында екенін ескертеді. Кей жағдайларда ол жүрек ырғағының бұзылуына, тыныс алу қиындауына және ми қабынуына әкелуі мүмкін.

    Мамандар халыққа екпе алуды ұсынады. Вакцина аурудан толық қорғамаса да, оның ауыр өтуі мен асқыну қаупін айтарлықтай төмендетеді.

    вирус гонконг тұмауы тұмау

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.