Close Menu
    Оқылып жатыр

    Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

    05.03.2026

    Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

    05.03.2026

    ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

    05.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 5 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

      05.03.2026

      Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

      05.03.2026

      ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

      05.03.2026

      Ирандық дрон Әзербайжандағы әуежайға барып жарылды

      05.03.2026

      Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы заң орындарына шағым түсірді

      05.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Өңірлер білгенін істеп отыр»: Смайылов ӘКК жұмысына тәртіп орнатуды талап етті

    «Өңірлер білгенін істеп отыр»: Смайылов ӘКК жұмысына тәртіп орнатуды талап етті

    Басты тақырып 02.12.2025
    коллаж Dalanews
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    ҚР Жоғары аудиторлық палатасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметін және олардың өңірлердің дамуына әсерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Тексеру ӘКК құрылымдарында проблемалар мен кемшіліктер жинақталғанын көрсетті. Мұндай жағдай олардың жұмысын тұтас үйлестіру мен регламенттеудің, Ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті реттеудің болмауына байланысты қалыптасып отыр.

    Мәселен, ӘКК мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланбаған. Олардың даму жоспарлары номиналды сипатқа ие және сыртқы бағалауға жатпайды, ал қызметі әкімдіктердің тиімділігін бағалауға әсер етпейді.

    Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы ҚР ҰЭМ уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ӘКК жұмысында тәртіп орнатуға тиіс екенін атап өтті.

    «ӘКК нақты немен айналысуы керек екенін анықтап, бірыңғай тәсіл әзірлеу қажет. Оларды даму институттары дей аламыз ба? Өңірлердегі әлеуметтік рөлі қандай? Инвестиция тартуда қандай рөл атқарады? Қандай құралдарды қолдануы керек? Қарыз беруде қандай қағидаларды ұстанады? Бірыңғай ұстаным қалыптастыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

    Ол қазір ӘКК өздері қажет деп санайтын барлық мәселемен айналыса алатынын атап өтті.

    «Өңірлердегілер білгенін істеп отыр. Көп жағдайда бұл тіпті Кәсіпкерлік кодексіне де қайшы келеді», — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.

    Аудиторлық қорытындыға сәйкес соңғы 5 жылда ӘКК-ге барлығы 528 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты берілген, оның ішінде 288 млрд теңгеден астамы кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге арналған. Алайда өңірлердің дамуына әсер ететін инвестициялық жобаларды іске асырудың орнына іс жүзінде ӘКК өздеріне түсетін қаражатты банктегі депозиттерге орналастырады.

    Сонымен қатар мемлекеттік қаржыландырудың өсуіне қарамастан, ӘКК жүйелі түрде шығынмен жұмыс істейді. Тексерілген ӘКК бойынша жинақталған шығын 2020 жылмен салыстырғанда 2025 жылдың басында 7 есе өсіп, 209 млрд теңгеден асып түсті.

    Дивидендтер төлеу тұрақсыз сипатқа ие. Мысалы, 2024 жылға ӘКК-ден түскен жалпы сома 0,5 млрд теңгеден аз, бұл 2023 жыл қорытындысымен салыстырғанда 4 есе аз.

    Аудиторлар ӘКК жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы таза коммерциялық жобаларға жиі қатысатынын атап өтті.

    Мәселен, «Ертіс» ӘКК инвестициялық жобалар деген атаумен 16,6 млрд теңгеге коммерциялық тұрғын үй құрылысын іске асырып жатыр, мұнда аудит барысында 3,3 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды.

    «Aqjaiyq» ӘКК-ге инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері берілген, нәтижесінде олар игерілмеген не басқа коммерциялық мақсаттарға қайта бағдарланған.

    «Ақтөбе» ӘКК соңғы 3 жылда жалғыз жеке компанияның өндірісін кеңейту үшін несие берген. Тұтастай алғанда, ол мемлекеттен жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеге қарыз және субсидия алған. Ал несиені мақұлдау бойынша Жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына осы фирмаға қатысы бар тұлға қосылған, несие бұзушылықтармен әрі кепіл алмастан берілген.

    «Семей» ӘКК-де жобалар қаражатты тез игеру үшін тиісті бағалаусыз және талдаусыз іріктеледі.

    Тұрақтандыру қорларын тексеру барысында өнімдердің тиісінше  сақталмайтыны, ассортименттің шектеулі екені, сондай-ақ тұрақтандыру қорлары сұранысы төмен тауарлардан тұратыны анықталды.

    Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өңірлік тұрақтандыру қорларын басқарудағы, сауда-сатып алу қызметіндегі және кәсіпкерлерді «айналым схемасы» бойынша кредиттеудегі тиімсіздігі оларды азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал ете алмайтындай етеді.

    Мемлекеттік аудит барысында:

    • 138 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар;
    • 14,5 млрд теңгенің тиімсіз жоспарланғаны;
    • 33,6 млрд теңге бюджет қаражаты мен активтердің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

    14 факт бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына беру жоспарлануда.

    аудит Әлихан Смайылов өңірлер

    Оқылып жатыр

    Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

    05.03.2026

    Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

    05.03.2026

    ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

    05.03.2026

    Ирандық дрон Әзербайжандағы әуежайға барып жарылды

    05.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Өзбекстанда енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

    05.03.2026

    Қазақстандағы шағын бизнестің мемлекет алдындағы қарызы 273 млрд теңгеден асты

    05.03.2026

    ҰБТ тапсырудағы өзгеріс: министр жаңа нормаға қол қойды

    05.03.2026

    Ирандық дрон Әзербайжандағы әуежайға барып жарылды

    05.03.2026

    Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы заң орындарына шағым түсірді

    05.03.2026

    Кәрім Мәсімов жазасын қайда өтеп жатыр?

    05.03.2026

    Үкімет 2026 жылы марапаттар мен медальдарға 1,4 млрд теңге жұмсалмақ

    04.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.