Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 18 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сәпиев пен орынбасары арасындағы төбелес: желіде тексеру нәтижесі тарап кетті

    Сәпиев пен орынбасары арасындағы төбелес: желіде тексеру нәтижесі тарап кетті

    Спорт 28.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Журналист Михаил Козачков Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүргізген тексерудің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жанжал өткен аптада, 23 қаңтар күні болған. Оқиғадан соң бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасарымен арадағы келіспеушілік оның заңсыз әрекеттеріне байланысты туындағанын мәлімдеген еді.

    Кейінірек Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та пікір білдіріп, қоғамды асығыс қорытынды жасамауға шақырған. Ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті тексеріс жүргізіп жатқанын айтып, нақты шешімді сол қорытындыдан кейін қабылдау қажет екенін жеткізген болатын.

    Алайда журналистке жолданған ресми құжатта жанжалдың барлық мән-жайы толық зерделеніп, оқиғаға Серік Сәпиевтің өзі кінәлі деген қорытынды жасалғаны көрсетілген.

    Құжатқа Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас мамандары Рысқұлбек пен Теміржанов қол қойған.

    Тексеру қорытындысында Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің әрекеттерінен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің бірқатар талаптарын бұзу белгілері анықталғаны жазылған.

    Атап айтқанда, құжатта оның:

    – ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-тармағы 5) тармақшасын;
    – 8-тармақтың 1) және 7) тармақшаларын бұзғаны көрсетілген.

    Тексеру материалында бұл бұзушылықтар:

    – азаматтардың көз алдында мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге бару;
    – ұжым ішінде іскерлік әрі сыйластыққа негізделген қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етпеу;
    – әріптесіне қатысты әдепсіздік пен орынсыз мінез-құлық таныту түрінде көрініс тапқаны атап өтілген.

    Осылайша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жанжалға басқарма басшысы Серік Сәпиевтің жауапты екенін көрсеткен ресми қорытынды шығарған.

    Журналист Ақырыс Сейітқазы құжатта Сәпиевті кінәлі етіп шығарғанға, бұл істің артында басшылар тұрған болуы мүмкін екенін айтады.

    «Серік Сәпиевке қатысты құжаттарды Козачковқа кім берген? Сәпиевті кінәлі етіп шығарғанына қарағанда, мұның артында да сол облыс басшылары тұрғаны анық. Бұл оқиғадан бір нәрсеге көзім жетті. Қанша жерден Олимпиаданы бағындырсаң да, былыққа батқан жүйені өзгерте алмайсың. Сәпиев кабинетіне басып кіріп, шу шығарғаны үшін жазаланатын шығар. Бірақ бекерден бекер шу шығармағаны тағы анық қой. Барлық жерде өз адамы, бармақ басты, көз қысты… Осыдан соң, спорттан бірдеңе күтеміз…», — деп жазды журналист.
    жанжал комиссия Серік Сәпиев төбелес

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Мемлекет жыл сайын футболға 30 млрд теңге бөледі: бұл спорт қашан өзін-өзі қаржыландырады?

    16.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.