Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жаңа Конституцияда тіл туралы не жазылған?

    31.01.2026

    Конституциялық өзгерістердің мемлекеттің тұрақтылығы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы

    31.01.2026

    Ұлттық мәртебе алған тоғызқұмалақ федерациясы ресми түрде аккредиттелді

    30.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 31 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін: Ақберен Елгезектің «Дардай» романы

      30.01.2026

      Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

      29.01.2026

      Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

      29.01.2026

      ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

      28.01.2026

      Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

      27.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Конституциялық өзгерістердің мемлекеттің тұрақтылығы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы

      31.01.2026

      Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

      29.01.2026

      Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

      27.01.2026

      Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

      26.01.2026

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Конституциялық өзгерістердің мемлекеттің тұрақтылығы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы

    Конституциялық өзгерістердің мемлекеттің тұрақтылығы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы

    Өңір тынысы 31.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    31 қаңтар 2026 жылы еліміздің саяси құқықтық бағытында жаңа серпіліс болды, конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.  Еліміздің негізгі заңының жаңа нұсқасы  сарапшылар мен мамандардың ұзақ талқылауынан өткен, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардын түскен ұсыныстарының негізінде әзірленіп халыққа ұсынылып отыр. Бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің өмірі үшін аса маңызды құжаттын дәл қаіргі уақытта жаңартылуы  уақыт ағымына қарай мемлекеттің жарқын болашағына бағытталған батыл қадам болып отыр. Себебі, кез келген мемлекеттің конституциясы ол мемлекетті басқа саяси ұйымдардан ажырататын басты белгісі және қоғамның даму бағытын анықтайтын құқықтық компасы деп бағалауға болады.  Ал мемлекеттің дұрыс бағытта дамуы сол негізгі заңымыздың сапалы әрі қоғам талаптарына сай бекітілуіне байланысты болатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдау елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғырту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындайды.  Қоғамдық қатынастардың дамуы мен азаматтық белсенділіктің артуы қолданыстағы конституциялық реттеуді жетілдіруді талап етеді. Жаңа Конституция жобасы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейтуге, құқық үстемдігі қағидатын нақты іске асыруға бағытталған.  Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің теңгерімді бөлінуін қамтамасыз ету арқылы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін жетілдіру көзделеді. Бұл өзгерістер мемлекеттік институттардың орнықтылығын нығайтуға, басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге ықпал етеді.  Осылайша, жаңа Конституция жобасын қабылдау елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына бағытталған жүйелі құқықтық қадам болып табылады.

    Преамбуланың мазмұндық трансформациясы және конституциялық құндылықтардың жаңаша айқындалуы

    Жалпы Конституиця преамбуласы дегеніміз не және оның құқықтық мазмұны қандай деген мәселелерге жауап ғылымда жауабын тапқан сұрақтар қатарына енеді. «Преамбула» термині латын тіліндегі «praeambulus» — «алдын ала жүретін», «алғы сөз» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Бұл — шынында да кіріспе мәтін, ол:

    • Конституцияның негізгі мәтінінің алдында орналасады;
    • Құжаттың негізгі идеяларымен таныстырады;
    • Мемлекеттің өткені мен болашағы арасындағы мағыналық «көпірді» қалыптастырады;
    • Құқықтық құрылыстың жалпы тұжырымдамасын айқындайды.

    Құқықтық практикада преамбула нақты құқықтар мен міндеттерді тікелей бекітпегенімен, конституциялық нормаларды түсіндіру барысында мағыналық бағдар ретінде қарастырылады. Демек, преабула ол мемлекеттің саяси құқықтық негізін анықтайтын фундаменталды ережелер, қағидалар мен идеялар жүйесі болып табылады. Яғни онда мемлекет үшін аса маңызды деп есептелінетін  құндылықтар жүйесі болуы тиіс.  Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясының преамбуласында айқындалған қағидаттар мемлекеттің тарихи тамырларын сақтай отырып, оның заманауи құқықтық және институционалдық дамуының берік негізін қалыптастырады. Біртұтас халықтың егемен еркі, байырғы қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің сабақтастығы және мемлекеттің унитарлық сипаты елдің аумақтық тұтастығы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды кепілі ретінде көрініс табады. Преамбулада жарияланған Әділетті Қазақстан идеясы мен Заң мен Тәртіп қағидаты құқық үстемдігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз қорғауға және мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.  Сонымен қатар, қоғамдық бірлік пен ынтымақты, этносаралық және конфессияаралық татулықты басты құндылық ретінде бекіту Қазақстан қоғамының үйлесімді дамуына және әлеуметтік келісімнің сақталуына ықпал етеді. Мәдениет, білім, ғылым және инновацияны стратегиялық бағдар ретінде тану мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының адами капиталға негізделген моделін айқындайды.  Табиғатты аялау, бейбітшілік пен халықаралық достыққа ұмтылу, сондай-ақ келешек ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілікті сезіну Қазақстан Республикасының Конституциясын қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне жауап бере алатын, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған іргелі әрі болашаққа бағдарланған құжат ретінде сипаттайды.

    Цифрландыру жағдайындағы конституциялық құқықтар: азаматтардың цифрлық кеңістіктегі қорғалуы.

    Цифрлық кеңістікте адам құқықтарын қорғау мәселесі ең алғаш рет конституциялық деңгейде реттеліп отыр. Ол жаңа конституциямыхдың 21-бабында белгіленген. Яғни жаңа редакция бойынша, жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі. Бұл жерде қоса кететін, мәселе цифрлық деректердегі ақпараттар адамдардың жеке құқығы ретінде танылып отыр.  Жеке құқық бұл абсолютті құқық ретінде саналады. Яғни ол құқықтарды мемлеккет танып реттеп отыратын құқықтырдың санатына енеді. Сондай ақ, банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдарының, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады. Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.

    Жаңа конституциялық парадигма: адам құқықтары, зайырлылық және отбасылық құндылықтар

    Конституцияның жаңа мәтіні қазіргі заманғы конституционализм талаптарына жауап беретін, адам құқықтарына бағдарланған құқықтық парадигманың түбегейлі орнығуымен ерекшеленеді.  Адам құқықтары мен бостандықтары тек Преамбулада декларативтік сипатта жарияланып қана қоймай, бүкіл конституциялық реттеудің іргелі басымдығы және мағыналық өзегі ретінде айқындалады.  Мұндай тәсіл мемлекеттің құқықтық саясатының антропоцентристік бағытын күшейтіп, жеке тұлғаны мемлекеттік биліктің объектісі емес, оның негізгі құндылығы әрі субъектісі ретінде тануға негіз қалайды. Бұл өз кезегінде құқық үстемдігі қағидатын нақты мазмұнмен толықтыруға және адам қадір-қасиетін қорғаудың конституциялық кепілдіктерін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақты ажыратылып, зайырлылық қағидатының айқын бекітілуі жаңа Конституцияның маңызды институционалдық ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипатын конституциялық деңгейде бекіту мемлекет пен дін арасындағы бейтараптықты қамтамасыз етуге, азаматтардың ар-ождан және дүниетаным бостандығын қорғауға, сондай-ақ көпконфессиялы қоғам жағдайында әлеуметтік келісім мен тұрақтылықты сақтауға құқықтық негіз қалыптастырады.  Бұл норма зайырлы мемлекеттің тек формалды белгісі емес, оның мазмұндық сипатын айқындайтын маңызды құқықтық тетік ретінде бағаланады. Неке институтына қатысты енгізілген конституциялық ереже де ерекше ғылыми-құқықтық мәнге ие.  Некені ер адам мен әйел адамның ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекіту дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған.  Сонымен бірге, бұл норма отбасылық қатынастардағы гендерлік теңдікті нығайтып, әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейтеді. Жалпы алғанда, Конституцияның жаңа мәтінінде көрініс тапқан аталған қағидаттар адамға бағдарланған, зайырлы және құқық үстемдігіне негізделген мемлекетті қалыптастырудың жүйелі құқықтық негізін құрайды әрі елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына бағытталған конституциялық реформалардың теориялық және практикалық маңызын айқындайды.

    Конституция жобасының негізгі новеллалары: билік институттарын трансформациялау және адам құқықтарын қорғау.

    Сонымен қатар, Конституция жобасында келесі маңызды жаңа өзгертулер орын алды.Олар:

    — 145 депутаттан тұратын және жаңа, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтай құрылады. Оны құру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады, ал депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.Пропорционалды жүйе партиялардың кадрлық саясатын дамытуға, олардың институционалдық рөлін арттыруға және саяси күштердің қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

    — Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылады, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырады. Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады.

    — Вице-президент институтын құру. Ол ҚР Президентінің атынан Қазақстан мен шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.

    — Адвокаттық қызметке және адвокатураға арналған арнайы бап алғаш рет Конституцияда бекітіледі.

    — Зияткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етіледі.

    — Азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдарға, сол құқық бұзушылық үшін қайтадан жауапқа тартуға жол бермеуге тыйым салуды және кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына, қоса алғанда, азаматтардың құқықтарына кепілдік күшейтіледі.

    — «Миранда ережесі» бекітіледі.

    Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы елдің саяси-құқықтық дамуының сапалық жаңа кезеңін айқындайтын іргелі құжат ретінде бағалануға лайық.  Ұсынылған конституциялық реформалар мемлекеттің тарихи сабақтастығын сақтай отырып, заманауи конституционализм талаптарына жауап беретін, адам құқықтарына бағдарланған және құқық үстемдігі қағидаттарына негізделген жаңа құқықтық парадигманы қалыптастыруға бағытталған. Конституция жобасында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін күшейту, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктердің теңгерімді бөлінуін қамтамасыз ету, саяси институттарды жаңғырту және қоғамдық қатынастарды реттеудің жаңа тетіктерін енгізу кешенді түрде көрініс тапқан.  Преамбулада бекітілген құндылықтық бағдарлар — халық егемендігі, тарихи сабақтастық, аумақтық тұтастық, әділеттілік, қоғамдық келісім, адами капиталды дамыту және экологиялық жауапкершілік — мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиялық дамуының іргетасын құрайды. Сонымен қатар, цифрландыру жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық деңгейде бекітілуі, зайырлылық қағидатының нақтылануы, отбасылық және дәстүрлі құндылықтардың құқықтық қорғалуы, сондай-ақ адвокатура, зияткерлік меншік, әділ сот төрелігі мен кінәсіздік презумпциясына қатысты кепілдіктердің күшеюі құқықтық мемлекеттің институционалдық негіздерін едәуір нығайтады.  Парламенттің жаңа үлгіде құрылуы, ұлттық диалог институттарының енгізілуі және атқарушы билік жүйесіндегі жаңашылдықтар саяси қатысу мәдениетін арттыруға және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Осылайша, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы — демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет қағидаттарын тереңдетуге, азаматтардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге және елдің тұрақты  әрі болашаққа бағдарланған дамуына жағдай жасайтын жүйелі әрі тұжырымдамалық маңызы жоғары құқықтық акт болып табылады.

    І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
    құқық және экономика факультетінің деканы ,
    философия докторы Phd Телеуев Ғалым 

    Оқылып жатыр

    Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

    29.01.2026

    Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

    27.01.2026

    Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

    26.01.2026

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа Конституцияда тіл туралы не жазылған?

    31.01.2026

    Конституциялық өзгерістердің мемлекеттің тұрақтылығы мен құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызы

    31.01.2026

    Ұлттық мәртебе алған тоғызқұмалақ федерациясы ресми түрде аккредиттелді

    30.01.2026

    Қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін: Ақберен Елгезектің «Дардай» романы

    30.01.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары аукционға қайта шығарылды

    30.01.2026

    Конституциядағы жаңа шектеулер: сөз бостандығына қауіп төнді ме?

    30.01.2026

    Қазақстан экономикасының бүгінгі жай-күйі: халықаралық баға

    30.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.