Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Жаңалықтар 25.05.2026
    ҚМДБ
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ел бірлігі мен татулыққа үндеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бас мүфти өз құттықтауында Құрбан айттың мұсылман қауымы үшін ең ұлық мерекелердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мейрам – Аллаға жақындаудың, тақуалық пен жан тазалығын арттырудың, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға қол ұшын созудың мерекесі.

    «Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: “Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал” деп бұйырған», – деді Бас мүфти.

    Наурызбай қажы Тағанұлы қазақ халқының Құрбан айтты ежелден айрықша дайындықпен қарсы алғанын айтып, құрбандық етін мұқтаж жандарға тарату, үлкеннің батасын алу, ренжіскен адамдардың татуласуы секілді дәстүрлердің қоғамдағы ізгілік пен мейірімділікті нығайтатынын жеткізді.

    Сондай-ақ ол қасиетті мереке күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Айт – татулық мерекесі» атты татуласу акциясын ұйымдастыратынын мәлімдеді. Акцияның мақсаты – араздасқан жандарды татуластырып, қоғамдағы ауызбіршілікті арттыру.

    Бас мүфти Құрбан айт кезінде еліміздегі мешіттер ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен мәдени-рухани іс-шаралар өтетінін айтты. Осыған орай ол халықты ұлттық киім киіп, мерекені ұлттық нақышта атап өтуге шақырды.

    Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді әлеуметтік жағдайды ескеріп, Құрбан айт күндері мал бағасын негізсіз қымбаттатпауға және азық-түлікке жеңілдіктер жасауға үндеді.

    Бас мүфтидің айтуынша, ҚМДБ бірнеше жылдан бері qurban.muftyat.kz онлайн платформасы арқылы құрбандық шалуды цифрлық форматта ұйымдастырып келеді. Бұл жоба азаматтарға құрбандық рәсімін ыңғайлы әрі ашық түрде орындауға мүмкіндік береді.

    Құрбан айт мүфти мұсылман мерекесі Наурызбай қажы

    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.