Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 99 доллардан төмен түсті. Бағаның төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын қалпына келтіру жөнінде келісімге келуі мүмкін деген мәлімдемесі әсер еткен, деп хабарлайды Tarazy.kz
Сарапшылардың пікірінше, егер стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы толық ашылса, әлемдік нарыққа мұнай жеткізілімі көбейіп, бұл бағаға қосымша қысым түсіреді.
Бұған дейін трейдерлер Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты мұнай құны 110 доллардан асып кетуі мүмкін деп болжаған еді.
Айта кетейік, бүгін АҚШ-тағы мерекеге байланысты биржалар уақытша жұмыс істемеді. Нарықтағы негізгі сауда-саттық сейсенбі күні қайта жалғасады.
