Close Menu
    Оқылып жатыр

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    «Рейдерлік туралы айтып беремін»: Мәсімовтің күйеу баласы мәлімдеме жасады

    12.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 12 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

      12.05.2026

      Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

      12.05.2026

      «Рейдерлік туралы айтып беремін»: Мәсімовтің күйеу баласы мәлімдеме жасады

      12.05.2026

      Қара алтын құны өсіп жатыр

      12.05.2026

      Ұлттық қордың бүйірі бұлтия бастады ма?

      12.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Махаббат пен таңдау: «Ғашықпын саған» фильмі көрерменге ұсынылады

    Махаббат пен таңдау: «Ғашықпын саған» фильмі көрерменге ұсынылады

    Мәдениет 02.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ақпанның 5-нен бастап отандық кинотеатрларда режиссер Думан Еркімбек пен продюсер Жалын Тілеубергеннің «Ғашықпын саған» атты фильмі жарық көреді. Бұл заманауи әлемдегі махаббаттың орны мен адам өміріндегі рөлін қайта ой елегінен өткізіп, жаңаша бағамдауға тырысқан тың туынды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Сюжет бойынша Алматыға арман қуып келген Еңлік тезірек байып кетіп, ауылдағы анасы мен інісін қалаға көшіріп әкелуді мақсат етеді. Әкесіз өскен қыз оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, өмірдің ауыртпалығына қарсы тұруға тырысады. Алайда үлкен қаланың өз заңдары мен күтпеген сынақтары бар. Мыңдаған тағдыр тоғысқан қалада Еңлік әнші болуды армандайтын Арман деген жігітпен күтпеген жерден танысады. Бұл кездесу екі жастың өмірін түбегейлі өзгертеді. Еңліктің алдында екі таңдау тұр. Не отбасы үшін өз жолын құрбан етіп байлыққа қол жеткізу, не өзі үшін өмір сүріп, махаббатты таңдау.

    Бас рөлдерде қазақ киноның жас жұлдыздары – Шұғыла Ешен және Жасұлан Көпберген ойнайды. Екі актер өткен жылы хит болған Qaitadan фильмінде де бірге түскен болатын. Сонымен қатар Шұғыла Ешен «SHEKER. Соңғы мүмкіндік» фильмі үшін 2025 жылы «Сыншылар таңдауы» жүлдесінің «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» номинациясында жеңімпаз атанған. Екінші планда танымал актерлер Әбілмансұр Серіков, Сағызбай Қарабалин, Аделина Ералиева, Ерболат Тоғызақов ойнайды.

    «Бұл фильмнің идеясы бізге – жұбайым екеумізге, осыдан жеті жыл бұрын келген. Дәл қазір елімізде кино жақсы дамып жатыр, алайда махаббат жайлы фильмдер әлі де сирек. Сондықтан осы тақырыпта фильм түсіргіміз келді. «Ғашықпын саған» біздің ғана оқиға емес, бұл Алматыда танысқан миллондаған жастар, миллиондаған жұптар жайлы фильм», — дейді режиссер Думан Еркімбек.

    Продюсер Жалын Тілеубергеннің айтуынша кинода Алматының әдемі жерлері көп көрсетіледі. Тіпті фильмінің алғашқы атауы – «Алматының біз білмейтін көшелері» болу керек болған екен. Айта кетсек, Жалын мен Думан өткен жылы Qaitadan атты фильмдерімен көзге түсіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген – 2025 жылдың қорытындысы бойынша туынды прокатта бір миллиард теңгеден астам қаражат жинады.

    Сонымен бірге «Ғашықпын саған» фильмі әсем ән мен музыкаға да толы – картинаның композиторлары Олжас Далелхан («Нурикамал») мен Сұлтан Тұрсынбеков («Болмаған балалық шақ»). Мелодрамада әнші ARShAT-тың бүкіл жастарға «Қатігездеу Алматы» атымен танымал әні, dudeontheguitar-мен бірлесіп шығарған Gashyqpyn sagan өлеңдері шырқалады.

    Qaitadan фильмінің авторларынан жаңа туынды – «Ғашықпын саған» мелодрамасын 5 ақпаннан бастап барлық кинотеатрлардан тамашалауға шақырамыз!

    кино қазақша кино

    Оқылып жатыр

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23.04.2026

    Атақты «Ялла» тобының жетекшісі Тоқаевтың қолынан орден алды

    23.04.2026

    Армысың, әз-Наурыз!

    27.03.2026

    Kinopark – Kinoplexx кинотеатрлар желісінде заңбұзушылықтар анықталды

    26.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    «Рейдерлік туралы айтып беремін»: Мәсімовтің күйеу баласы мәлімдеме жасады

    12.05.2026

    Қара алтын құны өсіп жатыр

    12.05.2026

    Ұлттық қордың бүйірі бұлтия бастады ма?

    12.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.