Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қорғаныс министрлігі «ақ билет» жарнамаларына қатысты ескерту жасады

    Қорғаныс министрлігі «ақ билет» жарнамаларына қатысты ескерту жасады

    Жаңалықтар 13.02.2026
    gov.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әлеуметтік желілерде «әскерден қалдыру» немесе «ақ билет» алып беру қызметін ұсынатын жарнамалар тарауда. Осыған байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім тек заңнамаға сәйкес шақыру комиссиясы арқылы қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ведомствоның түсіндіруінше, әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноз рәсімдеу немесе әскери қызметтен жалтарудың өзге де тәсілдерін ұсыну – қылмыстық құқықбұзушылық. Мұндай әрекеттер делдалдарға да, шақырылушылардың өздеріне де қылмыстық жауапкершілік жүктейді.

    Министрлік азаматтарды күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырды. Әсіресе өзін «әскери комиссариаттың көмекшісі» ретінде таныстырып, мәселені шешіп беруге кепілдік беретін адамдардың әрекеті заңсыз екені ескертілді. Әскерге шақыру рәсімдері тек жергілікті әскери басқару органдары мен медициналық комиссиялар арқылы жүзеге асырылады.

    Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мерзімді әскери қызметті өткеру – әр азаматтың конституциялық борышы. Сонымен қатар қызмет барысында және босатылғаннан кейін екі ай ішінде әскери қызметшілерге несиелік каникул қарастырылған. Белгіленген мерзімді толық өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктері ұсынылады. Атап айтқанда, жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай-ақ білім беру грантын алу мүмкіндігі бар, сондай-ақ студенттік жатақханадан орын алуға басым құқық беріледі. Бүгінге дейін елімізде 9 мыңнан астам азаматқа тегін білім алуға сертификат табысталған.

    Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жылына екі рет – наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізіледі. 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру немесе босату құқығы жоқ ер азаматтар әскерге шақырылады.

    Министрлік азаматтарды өз құқықтарын тек заңды тетіктер арқылы жүзеге асыруға және заңсыз ұсыныстардан сақ болуға үндеді.

    ақ билет әскер әскерге шақыру әскерден қалдыру

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.