Close Menu
    Оқылып жатыр

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

    06.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026

      Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

      06.04.2026

      Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

      06.04.2026

      Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

      06.04.2026

      Сарбаз өлімі: «Үстірт» шекара бөлімшесінің басшысы 2 жылға сотталды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қарағандыда өткен жекпе-жектен соң спортшы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді

    Қарағандыда өткен жекпе-жектен соң спортшы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді

    Жаңалықтар 20.02.2026
    видеодан кадр
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қарағандыда өткен жекпе-жек турнирінен кейін 18 жастағы спортшы Арыслан Атымтаев ауыр хәлде ауруханаға түсті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы туыстары мен құзырлы органдар мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Halyqstan телеграм арнасының мәліметінше, оқиға 15 ақпанда, қалалық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырған турнирдің екінші күнінде болған. Спортшының жақындарының айтуынша, жекпе-жектердің бірінде қарсыласы тыйым салынған әдіс қолданып, Арысланды басымен төмен қарата лақтырған. Алайда төрешілер жекпе-жекті тоқтатпаған.

    Сол сәттен кейін Арысланның жағдайы күрт нашарлап, басын ұстап отырған. Біраз уақыттан соң есінен танып қалған.

    Жәбірленушінің әпкесі Іңкәр Қалиеваның сөзінше, жарыс орнында толыққанды медициналық көмек көрсетілмеген.

    «Оқиға орнында қажетті реанимациялық жабдықтары жоқ медбике болған. Жедел жәрдем кезекшілік етпеген, тіпті оны шақырмаған. Арысланды омыртқасын бекітпей алып шықты, кейін медициналық тасымалдау талаптарын сақтамай көлікке отырғызған. Ауруханаға оны ересектерсіз, тек 16 жастағы достарымен жіберген. Тіпті болған жайтты туыстары турнир ұйымдастырушыларынан емес, достарынан естіді», — дейді ол.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы спортшының жағдайы ауыр екенін, оның жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

    Ал Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

    «Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — делінген ведомство хабарламасында.

    жекпе-жек Қарағанды

    Оқылып жатыр

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

    06.04.2026

    Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

    06.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Жетісу университетінде Ғылым декадасы аясында Марке политехникалық университеті филиалының ашық есік күні өтті

    06.04.2026

    Абай болыңыздар: Алматыда «жасырын патрульдер» жолға шықты

    06.04.2026

    Сарбаз өлімі: «Үстірт» шекара бөлімшесінің басшысы 2 жылға сотталды

    06.04.2026

    Алты жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын бостандық көре ме?

    06.04.2026

    Атыраудағы BINOM мектебінің маңында оқушы қызды көлік қағып кетті

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.