Семейде көлік ішінен екі адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Алдын ала мәліметке сәйкес марқұмдар Газель маркалы көліктің салонында болған.
«Көлік оталып тұрған және ішінен жабылған. Дене жарақаты мен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі — газдан улану», — деді Абай облысы ПД өкілі.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
