Абай облысында әскери қызметкер полигонда болған оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Dalanews.kz сілтеме жасап.
2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі.
