Эстрада жұлдыздары жаңа Конституция туралы ән шырқады, деп хабарлайды Tarazy.kz
3,5 минуттық бейнеклип референдумға арналған YouTube арнада жарияланған.
Әні: Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев, Ренат Гайсин. Сөзі: Арман Манарбекұлы.
9 наурызда жарияланған видеоны 3,6 мыңнан аса адам көрген. 60-тан аса пікір жазылған. Алайда бұл пікірлерді боттар жазғандай әсер қалдырған. Себебі бір-біріне ұқсас, әнді мақтаған пікірлер басым. Алайда әлеуметтік желіде әншілерді сынаған жазба көп. “Осылар конституцияда не жазылғанын біле ме екен?” “Бұларда ұят жоқ” деген пікірлер де кездеседі.
Бейнеклипте әнші Қайрат Баекенов, Мадина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Алишер Каримов, Роза Рымбаева және тағы басқа әншілер бой көрсеткен.
