Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 3 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026

      Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

      02.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    Жаңалықтар 03.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл Алаш ардақтысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Ұзақбай Құлымбетовтің туғанына 135 жыл толып отыр. Осыған орай Абай университетінде «Алаш ардақтылары және Қазақ мемлекеттілігі идеясы» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосу «Ғылым декадасы – 2026» аясында ұйымдастырылып,  отандық ғылым өкілдері тарихи тұлғаның елдік мүдде жолындағы қызметін қазіргі көзқарас тұрғысынан зерделеді.

    Іс-шара барысында Алаш қайраткерлерінің еңбектеріне арналған сирек басылымдар мен архивтік деректер көрмесі қойылды. Жиынды университеттің Зерттеу қызметі және инновациялар жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан ашып, тарихи сананы жаңғырту мен ұлт зиялыларының мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеудің маңыздылығына тоқталды.

    Келелі кеңесте академик Мәмбет Қойгелдиев қоғам қайраткерінің саяси ұстанымы мен мемлекет қалыптастыру ісіндегі рөлін тың деректер негізінде талдап, азаматтық болмысына жаңаша баға берді. Академик Ханкелді Әбжанов баяндамасында тұлға өмірінің соңғы кезеңіне назар аударып, қуғын-сүргін жылдарындағы қайсарлығы мен ұлт мүддесіне адалдығын нақты деректермен айшықтады.

    Зерттеуші Светлана Смағұлова өз сөзінде Ұзақбай Құлымбетов пен Тұрар Жаманмұрыновтың ел дамуына қосқан үлесін салыстыра баяндады. Олардың өнеркәсіп, инфрақұрылым және ел астанасын қалыптастырудағы басқарушылық қызметін жүйелі түрде сипаттады. Ал Гүлшат Нұрымбетова саяси қуғын-сүргіннің қоғамға түсірген салмағын қозғап, тарихи кезеңнің отбасы өміріне тигізген зардабын терең мазмұнда жеткізді.

    Жас ғалым, университет магистрі Баян Серікқызы «Тарихи тұлғаны заманауи цифрлық платформа арқылы таныту: Ұзақбай Құлымбетов мысалында» тақырыбындағы инновациялық диссертация жұмысын көпшілікке таныстырды. Жас зерттеушінің жобасы тарихи мұраны цифрлық кеңістікте дәріптеудің өзектілігін көтеріп, мемлекет қайраткерінің өмірі мен қызметін заманауи форматта танытуға бағытталған. Бұл жоба – тарихи тұлғаларды зерттеудің дәстүрлі әдістерін жаңа цифрлық технологиямен ұштастыру арқылы ғылымды насихаттаудың тиімді құралы деп бағаланды.

    Дөңгелек үстелдің қорытындысын Ұзақбай Құлымбетовтіңқызы – Орынша Қарабалина «Ұрпаққа аманат» атты мазмұнды баяндамасымен түйіндеді. Ол әкесінің ел алдындағы еңбегінен, әділетсіздікке ұшыраған тағдырынан сыр шертіп, бүгінгі ұрпаққа тарихи шындықты білу мен ұлттық мүддені қорғаудың маңызы туралы тебірене айтты. Алаш ардақтыларының ерлігі мен елжандылығын ұмытпау – ұлт болашағын құрудың негізі екенін атап өтті.

    Мазмұнды жиын ұлттық тарихты терең пайымдауға, Алаш мұрасын жүйелі зерделеуге және елдік сананы нығайтуға жаңа серпін берді. Университет қабырғасында жүзеге асатын ғылыми басқосулар тарихи жадыны жаңғыртып қана қоймай, жауапкершілігі жоғары, ойы сергек, рухы берік жас буын қалыптастырудың негізі.

    Абай университеті Ұзақбай Құлымбетов

    Оқылып жатыр

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Танымал журналист Дәнеш Асқарбекұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.