Қазақстанда 2025 жылдың төртінші тоқсанында медианалық жалақы 339 912 теңге болды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректеріне жариялады.
Орташа айлық атаулы жалақы шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда 473 158 теңгеге жеткен.
Сонымен қатар, бір жыл ішінде нақты жалақы 3,2%-ға төмендеген. Атаулы өсім 8,8% болғанымен, ол инфляция деңгейін жаба алмаған.
Жыл соңындағы атаулы жалақының өсуі дәстүрлі қосымша төлемдермен, жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйақылармен және мерекелік бонустармен байланысты.
Салалар бойынша ең жоғары өсім ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркелген — 25,9%. Сондай-ақ жылжымайтын мүлік операциялары саласында жалақы 14,5%-ға, ал көлік және қоймалау секторында 11,9%-ға артқан.
