Close Menu
    Оқылып жатыр

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    Жаңалықтар 03/11/2026
    baq.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ресейдің Самара қаласындағы ірі мұнай тасымалдау торабында болған өрт Қазақстан мұнайын экспорттаудың бір бағытына кедергі келтірді. 2 қарашаға қараған түні ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылынан кейін Ресей «Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    2 қарашаға қараған түні дрондар Самара өндірістік-диспетчерлік торабына шабуыл жасаған. Мәскеу уақытымен сағат 04:09-да осы бағыт бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау тоқтатылды. Қазақстанның Энергетика министрлігі мұнай қабылдаудың уақытша тоқтатылғанын растады. Қазір мамандар шабуылдан кейін жабдықтардың жай-күйін тексеріп жатыр.

    Министрлік мәліметінше, аталған бағыт бойынша мұнай қабылдау жақын арада қайта жандануы мүмкін. Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан «Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы 7,57 миллион тонна мұнай экспорттаған.

    Самара мұнай торабына шабуыл жиілеген

    Бұл – соңғы бір айда Самара мұнай торабына жасалған бесінші шабуыл. Бұған дейін дрондар 2, 7, 10 және 11 қазанда соққы жасаған. «Самара» станциясы «Транснефть» компаниясына тиесілі. Ол Ресейдегі мұнайды айдау және сақтау бойынша ең ірі тораптардың бірі саналады. Мұнда жалпы сыйымдылығы 1,6 миллион текше метрден асатын 71 мұнай резервуары бар. Торапқа төрт мұнай құбыры жалғанған.

    Олардың бірі – кезінде Гурьев – Куйбышев деп аталған «Атырау – Самара» мұнай құбыры. Қазақстан мұнайы осы бағыт арқылы Ресейдің магистральдық құбыр жүйесіне қосылып, одан әрі сыртқы нарықтарға жеткізіледі. Айта кетейік, биыл тамызда Каспий құбыр консорциумында (КҚК) туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан «Атырау – Самара» бағыты арқылы мұнай тасымалдау көлемін арттырған болатын.

    дрон соққысы мұнай Самара

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.