Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 25 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

      24.07.2026

      Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

      24.07.2026

      Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

      24.07.2026

      Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

      23.07.2026

      Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

      23.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    Жаңалықтар 18.05.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күні мен Халықаралық музейлер кеңесі ұйымының 80 жылдығына арналған «Музейлер кеңістігі: тарих пен болашақ үндестігі» атты мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА, Медеу ауданы әкімдігі өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, музей саласы мамандары, жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

    Мерекелік шараның ашылуында «Ғылым ордасы» Бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Д.Баринов сала қызметкерлерін Халықаралық музейлер күнімен құттықтап, музей ісінің мемлекеттік деңгейдегі маңызына тоқталды. Ол ұлттық мұраны сақтау, тарихи жәдігерлерді жүйелі зерттеу және оларды өскелең ұрпаққа насихаттау ісіндегі музейлердің айрықша рөлін атап өтті.

    Салтанатты жиында музей ісін дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар мамандар Алғыс хаттармен марапатталды.

    Мерекелік бағдарлама Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі ансамблінің ән шашуымен басталды. Сонымен қатар келушілер Ғылым ордасы құрамындағы Археология және Қазақстан ғылымының тарихы музейлері, Орталық ғылыми кітапхана ұйымдастырған көрмелермен танысуға мүмкіндік алды. Шара аясында О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен оқытушыларының зергерлік бұйымдары, суретші-реставратор Ә.Н. Рахметовтың «Көнеден қалған асыл мұра» атты авторлық экспозициясы және көне түркі жазуының каллиграф шебері К.А. Тархановтың бірегей туындылары көпшілік назарына ұсынылды.

    Қонақтарға арналған табаққа сурет салу және көне түркі жазуы каллиграфиясы бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Бұл қатысушыларға ұлттық өнер мен рухани мұраның қыр-сырын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

    Айтулы күннің маңызды оқиғаларының бірі — Табиғат музейіндегі жаңартылған «Зоология» залының ресми ашылуы болды. Жаңартылған зал келушілерге табиғат әлемінің алуан түрлілігін және отандық зоология ғылымының құнды жәдігерлерін таныстыруға бағытталған.

    Іс-шара музей кеңістігінің мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудегі маңызын айқындап, ғылым мен мәдениеттің өзара үндестігін насихаттауға арналды.

    Алматы ғылым ордасы музей

    Оқылып жатыр

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026

    Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

    23.07.2026

    Түркістанда 3 млрд.тан астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды

    23.07.2026

    Алты айда ұлттық қордың бүйірі қаншалықты бұлтиды?

    23.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.