Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтарға шілде айының соңына дейін қарбыз тұтынуға асықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Ведомствоның вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, дәл осы кезеңнің соңына қарай бақша дақылдары ешқандай тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларын қолданбай, табиғи жолмен толық піседі.
Оның сөзінше, маусымнан ерте сатылымға шығатын қарбыздардың басым бөлігі арнайы жабындардың астында өсіріледі немесе олардың өсуін жеделдететін түрлі қоспалар пайдаланылады. Сондықтан мұндай қарбыздарды, әсіресе, балаларға бермеген дұрыс.
Сондай-ақ министрлікке сәйкес, Қазақстанға импортталатын барлық жеміс-көкөніс өнімдері міндетті түрде фитосанитариялық бақылаудан өткізіліп, зиянкестер мен өсімдік ауруларының бар-жоғы тексеріледі.
