Алматының Бостандық ауданындағы Манас көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жабынын жаңарту барысында полимер қосылған қиыршық тасты асфальтбетон қоспасы қолданылуда, деп хабарлайды Tarazy.kz

Жөндеу жұмыстарының сапасын Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының инженерлері бақылауға алды. Нысанда техникалық қадағалау мамандары да жұмыс барысын қадағалап отыр.
Мердігер – «ҚазСтройснабсервис» ЖШС.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта жөндеу кезінде белгіленген нормативтік талаптар сақталуда. Жол жабынын төсеу барысында қолданылған асфальтбетон қоспасынан зертханалық сынама алынды.
Алынған үлгілер зертханада тексеріліп, қоспаның сапасы мен техникалық талаптарға сәйкестігі анықталады. Бұл жұмыстар жол жабынының беріктігі мен ұзақ мерзім пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қалалық филиалы қаладағы жол жөндеу нысандарында сапаны бақылау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
