Close Menu
    Оқылып жатыр

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 6 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

      06/11/2026

      Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

      06/11/2026

      Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

      06/11/2026

      1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

      06/11/2026

      Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

      05/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Келесі жылы Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд бөлінуі мүмкін

    Келесі жылы Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд бөлінуі мүмкін

    Басты тақырып 17/09/2026
    gov.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2027 жылы Қазақстан Халық кеңесін құруға республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге қарастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтай отырысында 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Аталған шығын қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және резервтер бағыты бойынша көзделген қосымша қаражат құрамына енгізілген. Вице-министрдің баяндамасында Қазақстан Халық кеңесін құруға 1,7 млрд теңге бөлу ұсынылғаны көрсетілді.

    Дегенмен әзірге бұл қаржының нақты қандай мақсаттарға жұмсалатыны нақтыланбаған. Қаражаттың кеңестің қызметін ұйымдастыруға, кадрлық қамтамасыз етуге немесе материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға бағытталатыны жөнінде жеке түсіндірме берілген жоқ. Бұл сома әзірге бюджет жобасы аясында қарастырылып отыр.

    Жалпы алғанда, 2027 жылы қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және резервтер бағытына 4,9 трлн теңге бөлу жоспарланған. Оның ішінде күштік құрылымдарды қаржыландыруға 3,3 трлн теңге, мемлекеттік басқару саласына 787 млрд теңге қарастырылған.

    Сондай-ақ Үкімет резервін 370 млрд теңге, ал Президент бастамаларын іске асыруға арналған резервті 470 млрд теңге көлемінде қалыптастыру көзделіп отыр.

    Абзал Бейсенбекұлының мәліметінше, республикалық бюджет жобасын әзірлеу барысында мемлекеттік органдардың шығыс өтінімдері қайта қаралған. Бастапқы кезеңде ведомстволар 2027 жылға 36,9 трлн теңге көлемінде қаржы сұратқан. Алайда талқылау нәтижесінде 30,2 трлн теңге көлеміндегі шығыстар ғана қолдау тапқан.

    Осылайша, мемлекеттік органдар ұсынған шығыстардың шамамен 6,7 трлн теңгесі бюджет жобасына енгізілмеген. Баяндамашы мұны бюджет мүмкіндіктерінің шектеулілігімен және қаржыны басым бағыттарға шоғырландыру қажеттілігімен байланыстырды.

    бюджет құрылым саясат Халық Кеңесі

    Оқылып жатыр

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

    05/11/2026

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.