Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, — деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.
Кездесу барысында бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Елдегі қоғамдық-саяси жағдайға және азаматтық қоғам институттарының дамуына ерекше көңіл бөлінді.