Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 21 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Жамбылда 1,7 миллиард теңгеге 300-ден аса медициналық техника алынды

    Биыл Жамбылда 1,7 миллиард теңгеге 300-ден аса медициналық техника алынды

    Өңір тынысы 11.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадр тапшылығы тікелей әсер ететінін жеткізді, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің тапсырысы бойынша өңірімізде 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан астам маман қажеттігі туындап тұр. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр», — дейді Марат Жаманқұлов.

    Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттігі зерделеніп, нәтижесінде  акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандарының тапшылығы анықталған. Осы орайда облыстық бюджеттен 8,7 миллион теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда.

    Сонымен қатар, мамандар тарту үшін әлеуметтік жағдайдың жасалу маңызы да зор. Бұл мақсатта биыл жас мамандарға 100 мыңнан 800 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек түрін көрсету жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын несие, 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы көзделген.

    Сондай-ақ, айта кету керек, былтыр өңірдегі медициналық нысандарды жабдықтауға бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлініп, 900-ден астам аппарат сатып алынған. Ал биыл 1,7 миллиард теңгеге 300-ден аса медициналық техника алынса, алдағы екі жылда 1,1 миллиард теңгеден аса сомаға 321 бірлік техника алу жоспарланған. Осылайша, Мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі емханаларды 100 пайыз медициналық құрал-жабдықтармен қамту тапсырмасын орындау көзделіп отыр.

    Жалпы ҚР ДСӘДМ ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы енгізілген. Бұл құжат алдыңғы бағдарламалардың логикалық жалғасы болып табылады, сонымен қатар, ол денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістердің әрі қарай толықтырылуына негізделген.

    Жаңа Мемлекеттік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – аурулардың алдын алу мен оны ескерту болып табылады. Сондықтан ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің,  Дүниежүзілік Банк және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының ұсынымдары негізінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен тамақтануды оңтайландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды біріктіру негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылатын болады.

    денсаулық

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.