Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 2 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

      30.04.2026

      ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

      28.04.2026

      “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

      28.04.2026

      Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

      28.04.2026

      «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

      27.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында жыл басынан бері 25 браконьер ұсталған

    Жамбыл облысында жыл басынан бері 25 браконьер ұсталған

    Өңір тынысы 11.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе,  ағымдағы жылдың  8 айында 25 браконьер ұсталған.

    Қорықшылар соңғы жылдары браконерлердің азайғанын айтады. Дегенмен, әлі де болса оңай олжаға кенелгісі келетіндер жеткілікті. Мәселен, өткен жылы заңсыз аң аулауға қатысты 60 дерек тіркелсе, соңғы 8 айда 25 браконьер анықталған. Бұл орайда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция қызметкерлері қаскөйлермен күрес жүргізудегі бірқатар түйінді мәселелердің барлығын  айтады.

    «Атады да, көліктерімен қашып кетеді. Артынан қуып тоқтатуға біздің құқымыз жоқ. Сес көрсетеді. Мылтықпен қорқытатын жағдайлар орын алады. Өйткені біздің құқықтарымыз нақты қаралмаған. Мемлекеттік қаруды пайдалану жөнінде аңшылық алқапта болсын, басқа жерде болсын, браконьерлерді кез келген уақытта тоқтату мәселесі құқық қорғау органдары секілді сәйкестендірілсе жұмысымыз жемісті болар еді»,- дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрғали Ниязқұлов.

    Жалпы Жамбыл облысында аң-құстың 17 түрін аулауға рұқсат бар. Олардың жойылып кетпеуі үшін аймақта кешенді шаралар жоспары бекітілді. Енді қорықшылар браконьерлерге қатысты заңның қатаңдатылуын күтіп отыр.  Айта кетейік, еліміз бойынша ашылған аң аулаудың жаңа маусымынан бастап Жамбыл облысындағы аң шаруашылықтары қоршаған ортаны қорғауда өзгеше тәсілге көшіп отыр.

    «Мұндағы мақсат – соңғы кезде жойылып бара жатқан құстарды, аңдарды көбейту. Екіншіден, демалатын адамдарға жағдай жасау. Аң-құстың көп болғанын қамтамасыз етумен айналысамыз. Бұл браконьерлікпен күрес жүргізудің бір жолы. Қазір арнайы тәлімбақ құрылып, мұнда ителгі өсіру жұмыстары басталды. Қанаты қатқан құстардың 30 пайызы еркіндікке жіберіліп отырады. Алдағы уақытта шаруашылық өзге де аң-құс түрлерін өсіруді қолға алмақшы. Ал, жетілгеннен кейін аңшыларға рұқсат тек жолдамамен беріледі», — дейді «Жайлаукөл» аң шаруашылығының директоры Еркін Оспанов.

    «Жайлаукөл» — Жамбыл облысындағы аумағы жағынан ең үлкен шаруашылық. 210 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Аң аулау маусымы басталғалы шаруашылықтағы 22 маман қоршаған ортаны қорғауға бар күштерін салуда. Шаруашылық басшысы айтқандай, мұнда аң-құсты қорғап ғана қоймай, көбейту мәселесі де мықтап қолға алынған.

    браконьер

    Оқылып жатыр

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    14.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде мамандықтар жәрмеңкесі өтті

    30.04.2026

    ЖИ және жемқорлық: қайсысы жеңеді?

    28.04.2026

    “Байтақ” партиясының басшысы Азаматхан Әміртайды Ресейге кіргізбей қойды

    28.04.2026

    Жетісу университетінде қазақ тілінің цифрлық ресурстары талқыланды

    28.04.2026

    «Болашақ» бөлген күмәнді миллиардтар

    27.04.2026

    Метродан жылыстаған миллиондар: бірнеше тұлға жемқорлық бойынша жауапқа тартылды

    27.04.2026

    Бейжай қарамайық: белгілі заңгер даулы видео иесін жауапқа тартуға шақырды

    27.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.