Жамбыл облысының есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы, Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Себебі азаматтың автокөлігін тінту кезінде салмағы 4 келі 630 гр гашиш табылған. Есірткі заты целлофан пакетке оралыпты.
Ал күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде 12 — калибрлі мылтық, 4 оқ-дәрі, ал қоймасынан тағы салмағы 30 келі 380 гр болатын марихуана тәркіленген. Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.