Close Menu
    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 29 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

      23.10.2025

      «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

      18.10.2025

      Астанада Абай университетінің институты ашылды

      17.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 7-ші сәуірден бастап Тараз карантинге жабылады

    7-ші сәуірден бастап Тараз карантинге жабылады

    Өңір тынысы 05.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс орталығының аумағында 2020 жылдың 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап карантин режимі енгізіледі.

    1) Төменде көрсетілгендерді қоспағанда, барлық автокөлік құралдарының және азаматтардың қала аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады:

    • медициналық қызметкерлер және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару қызметтерінің, құқық қорғау органдары;
    • азық-түлік тауарларын, медициналық бұйымдар мен препараттарды, бірінші кезекте қажетті тауарларды тасымалдайтын автокөлік құралдары;
    • Тараз қаласының жедел штабы (431516, 455985) рұқсат берген тұлғалар мен автокөлік құралдары;
    • тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін немесе кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар.

    2) Қоғамдық көлік сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

    3) Төмендегі жағдайларды қоспағанда, адамдардың және жеке көліктің Тараз қаласының аумағында еркін жүріп-тұруына тыйым салынады:

    • жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жүріп-тұру;
    • азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;
    • медициналық көмекке жүгіну;
    • мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мемлекеттік мекемелерге бару;
    • күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар кезінде.
      Бұл ретте, отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың 3 адамнан артық топтасуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына тыйым салынады.

    4) Жеке тұлғалардың жүріп-тұруы, оның ішінде көлік құралдарын басқаруды жеке қорғану құралдарын пайдалану кезінде ғана жүзеге асыруға міндетті.

    5) Азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, ветеринариялық дәріханаларды, бірінші кезекте қажетті тауарларды сату пункттерін, ауыл шаруашылығы техникасына арналған автобөлшектерді, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөптерді өткізулерді қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, барлық азық-түлік емес тауарлар сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқтатылады.

    6) Барлық қызмет түрлерін көрсету орындарының, оның ішінде: банк бөлімшелері және ломбардтар, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, қонақ үйлер, сондай-ақ дөңгелек монтаждауға арналған жеке тұрған бокстарды (екіден көп емес) қоспағанда, техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметі, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, хайуанаттар парктерінің, мұз айдындарының, көрмелердің және қызмет көрсету саласындағы өзге де осыған ұқсас нысандардың жұмысы тоқтатылады.

    7) Мейрамханаларға, дәмханаларға, барларға, асханаларға және басқа да қоғамдық тамақтану нысандарына «тұтынушыларға жеткізіп беру» режимі бойынша сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

    8) Меншік түріне қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру, дайындық және дамыту орталықтарының қызметі тоқтатылады.

    9) Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына баруына тыйым салынады.

    карантин коронавирус Тараз

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Астанада Абай университетінің институты ашылды

    17.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды

    10.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.