Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 10 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев жеткізіп беру тәсілімен ауызашар таратты

    Сапарбаев жеткізіп беру тәсілімен ауызашар таратты

    Өңір тынысы 30.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылдықтар ауыз бекіткен азаматтар мен отбасыларға жеткізіп беру арқылы ауызашар ұйымдастырды. Жамбыл облысында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Рамазанның алғашқы аптасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы маңындағы Шөлдала ауылында және Қарасу 5-мөлтек ауданындағы және Төлеби көшесіндегі жатақханаларда тұратын тұрғындарының ішінде ауыз бекіткен 500 адамға ауызашар таратты.

    Қазіргі карантин жағдайында барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, әрбір ауыз бекіткен азаматқа арнайы ауызашар мәзірі алдын ала әзірленіп, облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің қызметкерлері мен волонтерлар жеткізіп берді – деп хабарлады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Жамбыл облысындағы өкіл имамы, «Һибатулла Тарази»  мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев

    Облыстың бас имамының айтуынша, биыл исі мұсылман жұртшылық асыға күткен қасиетті айда тәртіпке бағынып, тарауық намазын үйлерінде оқып, әркім өз отбасында рамазан айында жасалатын амалдарды жасап, бала-шағасының тәрбиесіне, иманы мен амалына, мінез-құлқына көңіл бөліп, қайырымдылық та жасай алады. Сондай-ақ «Һибатулла Тарази» мешіті мен қалалық, аудандық орталық мешіттерінің асханаларына және дәмханаларға ас мәзіріне тапсырыс жасап, ауыз бекіткен жамағаттардың үйлеріне апарып беруге болады.

    Бүгінде жанұясымен бірге сыртқа шыға алмай отырған мұқтаж отбасылары мен ауыз бекіткендер үшін ауызашар беру жөніндегі облыс әкімінің бастамасын оның орынбасарлары, маслихат депутаттары мен белгілі кәсіпкерлер қолдап отыр.

    Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев та 200 азаматқа ауызашар таратты. Қала әкімдігінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен мұқтаж тұрғындардың тізімі алынып, оларға арнайы әзірленген ас таратылды.

    Сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен бүгінде қаланың көптеген аумағында бірқатар құрылыс және тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қала әкімі сол жұмыстарға атсалысып жүрген азаматтарды ауқаттандыруды да назардан тыс қалдырмады.

    24 сәуірде Ораза Айт мерекесі басталды. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады.

    Құрметті отандастар!

    Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.

    Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

    Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. 

    Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін.

    Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

    қайырымдылық Ораза

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.