Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда жер сілкінісі болды

    17.02.2026

    Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

    17.02.2026

    Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

    17.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 18 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жер сілкінісі болды

      17.02.2026

      Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

      17.02.2026

      Коучтар енді арнайы құжатпен жұмыс істейді

      17.02.2026

      «Бұл үйді менен облыс әкімі де тартып ала алмайды». Экс-судья депутатты қорқытты

      16.02.2026

      Аутизмі бар қызметкер дауы: қазақстандықтарды Burger King-ке бойкот жариялауға не итермеледі?

      16.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

      17.02.2026

      «Ойла, жаса, өзгерт»: оқушылар тың жобаларын таныстырды

      13.02.2026

      Жасанды интеллект пен нанотехнология: Алматыдағы ғылыми көрмеде қандай жобалар таныстырылды?

      13.02.2026

      Жетісу университетінің әскери кафедрасында Ашық есік күні өтті

      13.02.2026

      «Көктемге хат»: Қасымхан Бегмановпен сырлы кеш өтті

      11.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда «Қызыл сызықтағы» құрылыс нысандары бұзылады

    Таразда «Қызыл сызықтағы» құрылыс нысандары бұзылады

    Өңір тынысы 13.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қаһарына мінген қала әкімі Айтқазы Қарабалаев Таразды күл-қоқыстан аршып, бей-берекетсіздіктермен бел шешіп күресуді бастап кетті. Соңғы күндердегі қауырт жұмыстардың нәтижесінде 374 тонна күл-қоқыс шығарылып, 58 шақырым арық жүйесі тазартылған, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекованың айтуынша, Тараз қаласында 1799 тал-дарақ бұталанып, 103 құрылыс нысанының қоршаулары қалыпқа келтірілген. Бей-берекет орналасқан 109 сауда орынын тып-типыл етіп, заңсыз тұрған 65 дүңгіршекті алып тастаған. «Қызыл сызық» нормаларын бұзған 13 құрылыс нысанын бұзуға пәрмен берілсе, 127 бизнес субъектілерінің ғимараттары эскиздік жобаға сәйкес жаңартылған. Ал жабайы жарнамалар ілінетін орынға айналған 221 аялдама сырланып, қалыпқа келтірілген.

    Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылып, инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау және аумақтық округтерді абаттандыру мен санитарлық тазалықты қадағалау мақсатында Тараз қаласында құрылған 11 мобильдік топтар құрылған. 

    Мобильдік топтар құрамында зиялы қауым өкілдері, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері болды.

    Дегенмен осы жұмыстардан кейін де аялдамаларға қайтадан жарнамалар, хабарландырулар жазылған қағаздарды іліп кеткендер болыпты. Бұл бойынша 50 адам анықталып, оларға айыппұл салынып, Заң аясында жауапкершілікке тартылған.

    Жалпы, Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 94 жоба жүзеге асырылып, 5664 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде «Жұмыспен қамту орталығында» ресми жұмыссыз ретінде тіркелген 2822 адамға «екі қолға бір күрек» табылатын болады.

    Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарайда өз жалғасын таба бермек. 

    Айтқазы Қарабалаев көше Тараз

    Оқылып жатыр

    Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

    17.02.2026

    «Ойла, жаса, өзгерт»: оқушылар тың жобаларын таныстырды

    13.02.2026

    Жасанды интеллект пен нанотехнология: Алматыдағы ғылыми көрмеде қандай жобалар таныстырылды?

    13.02.2026

    Жетісу университетінің әскери кафедрасында Ашық есік күні өтті

    13.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда жер сілкінісі болды

    17.02.2026

    Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

    17.02.2026

    Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

    17.02.2026

    Коучтар енді арнайы құжатпен жұмыс істейді

    17.02.2026

    Халықаралық жоба: түркі әлемінің зертханалары бір желіге бірікті

    17.02.2026

    «Бұл үйді менен облыс әкімі де тартып ала алмайды». Экс-судья депутатты қорқытты

    16.02.2026

    Аутизмі бар қызметкер дауы: қазақстандықтарды Burger King-ке бойкот жариялауға не итермеледі?

    16.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.