Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алдында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдау болатын күн алдын ала әлеуметтік желі бетінде жарияланған. Қабылдауға келгендер алдын ала кезекке тұрып, тиісті сұрақтарын жазбаша да беріп жатты.
Қабылдауды жүргізген қала әкімінің өкілі Асхат Есеналиевке жазылғандардың бірі Әсембекова Ботагөз өз ризашылығын білдірді. Ол өзі тұратын Төле би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы арқылы жөндеуге тиісті құжаттарды жинақтап, тұрғын үй қатынастары бөліміне жеделдетіп тапсыратын болды.
Екінші мәселесі есік алдындағы қураған талдарды кесуге бригаданың кезеңімен іске кіріскенін қуана жеткізді.
Тұрғындарды әр сала бойынша қабылдайтын көшпелі қабылдау кешке дейін жалғасады.