Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Алматыда танымал блогер әрі кәсіпкер пластикалық ота жасатамын деп қайтыс болды

    21.05.2026

    Халықаралық іздеудегі Мәсімовтің күйеу баласына қатысты тағы бір іс қозғалмақшы

    21.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 21 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

      21.05.2026

      Алматыда танымал блогер әрі кәсіпкер пластикалық ота жасатамын деп қайтыс болды

      21.05.2026

      Халықаралық іздеудегі Мәсімовтің күйеу баласына қатысты тағы бір іс қозғалмақшы

      21.05.2026

      Трамптың бір ауыз сөзі мұнай бағасын арзандатты

      21.05.2026

      Алматы облысында 11 жоба жүзеге асырылып жатыр

      20.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Әл-Фараби» және «Абай» телеарналары ашылады

    «Әл-Фараби» және «Абай» телеарналары ашылады

    Ел іші 29.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуі өтті, — деп хабарлайды , — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

    Баяндама барысында айтылған маңызды жаңалықтардың бірі — «Абай ТВ» және «Әл-Фараби» телеарналарының ашылатыны айтылды.

    Министрдің айтуынша, отандық мәдени мұраларды насихаттайтын «Абай ТВ» 30 маусымнан бастап іске қосылады. Ал оқу-ағарту бағытындағы «Әл-Фараби» жаңа оқу маусымынан бастап көрермен назарына ұсынылады.

    — Қазір жаңа екі телеарна ашу мәселесі қарастырылып жатыр. «Абай ТВ», «Әл-Фараби» телеарнасы. «Абай ТВ» телеарнасы ертең — 30 маусымда көрерменге жол тартады. Ол «Қазақстан ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдени мұраларды насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба «Әл-Фараби» телеарнасы, «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады. 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған телеарна болады. Пандемия кезінде мұндай телеарнаның өзектілігі білінді, — деді Балаева.

    Біздің елде мәдениет және ғылым-білім саласында хабар тарататын телеарнаның орны өгейсіп тұрғаны сөзсіз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін аталған арналардың ашылғаны құптарлық, қуанарлық іс екені сөзсіз.

    Бірақ ең маңыздысы дұрыс басталған іс дұрыс жолға қойылып, оң бағытта жұмысын жалғастырса дейміз. Әйтпесе, бұған дейін ұранмен басталып, ұсақталып аяқталған шаралар аз болған жоқ. Біз бұл жерде ғұмыры қысқа болған «Мәдениет» арнасы жайлы да айтып отырмыз.

    Ғылым-білім, мәдениет бағытындағы арналарды жеңіл-желпі ойын-сауық арналарымен қатар рейтинг додасына қоспаған жөн. Біріншіден ол рейтингті кімдердің, неге сүйеніп жасайтыны белгісіз. Екіншіден ғылым-білімді ойын-сауықпен бір қатарға қойып бағалау еш жөнге сыймайды. «Мәдениет» секілді арналардың жабылып қалуына да осы «әділетсіз» рейтинг мәселесі себеп болғаны белгілі. Сол үшін ғылым мен білімді, мәдениетті нәсихаттайтын арналарды ашыла салып, жағасынан алып, жауып тастауға тырыспағанымыз жөн.

    Абай Құнанбаев Әл-Фараби телеарна

    Оқылып жатыр

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сайысы өтті

    21.05.2026

    Алматыда танымал блогер әрі кәсіпкер пластикалық ота жасатамын деп қайтыс болды

    21.05.2026

    Халықаралық іздеудегі Мәсімовтің күйеу баласына қатысты тағы бір іс қозғалмақшы

    21.05.2026

    Трамптың бір ауыз сөзі мұнай бағасын арзандатты

    21.05.2026

    Алматы облысында 11 жоба жүзеге асырылып жатыр

    20.05.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Туристерге маңызды ескерту: хантавирус қаупі

    19.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.